ПОДЕЛИТЬСЯ
09 июня 2020 | 17:14
"Басында COVID-19 табылмаған". Коронавирустан қайтыс болған қазақстандықтар туралы не белгілі?
Қазақстанда коронавирустан барлығы 58 адам қайтыс болды. Маусым басталғалы он шақты адам көз жұмды. Бірақ COVID-19 індетінен қайтыс болған қазақстандықтар туралы мәлімет көп емес. Кейбірі туралы ғана тың деректер бар. Tengrinews.kz тілшісі елімізде вирустан көз жұмғандар туралы деректер жариялайды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда коронавирустан барлығы 58 адам қайтыс болды. Маусым басталғалы он шақты адам көз жұмды. Бірақ COVID-19 індетінен қайтыс болған қазақстандықтар туралы мәлімет көп емес. Кейбірі туралы ғана тың деректер бар. Tengrinews.kz тілшісі елімізде вирустан көз жұмғандар туралы деректер жариялайды.
Вируспен бір айдан аса уақыт күрескен
4 маусымда коронавирустан 63 жастағы әйел қайтыс болғаны хабарланды. Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел гипертония және эндокриндік аурумен диспансерде есепте тұрған.
Науқастан коронавирус 29 сәуірде анықталған. Мамыр бойы ол қауіпті індетпен күрескен екен.
"17 сәуірде жедел жәрдем бригадасы оны карантиндік стационарға КВИ жұқтырған науқаспен байланысқан адам ретінде жеткізді. 23 сәуірде коронавирус сынамасы теріс нәтиже көрсетті. Сондықтан үйдегі карантинге ауыстырылып, клиниканың медициналық қызметкерлері күнделікті бақылап отырған. 12 күннен соң, 29 сәуірде COVID-19 сынамасы қайтадан алынды. 2020 жылдың 1 мамырында келген сынама оң нәтиже көрсетті. 1 мамырда жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды", - деді аймақтық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде.
Дәрігерлердің айтуынша, терапия кезінде науқастың жағдайы нашарлаған. 8 мамырда әйел жансақтау бөліміне ауыстырылған, ал келесі күні жасанды тыныс беру аппаратына қосылған.
Басқарманың хабарлауынша, қарқынды терапияға қарамастан 63 жастағы тұрғын 4 маусымда сағат 5:50-де қайтыс болған.
© Тұрар Қазанғапов
Жөтел қысып, басы ауыратынын айтқан
6 маусымда Батыс Қазақстан облысында коронавирустан бір науқас көз жұмғаны хабарланды. 1952 жылы туған науқас 27 мамырда ауыр жағдайда инфекциялық ауруханаға жеткізілген. Қабылдау кезінде короновирус инфекциясының күрделі симптомдары байқалған. Науқаста екі жақты пневмония болған. 26 мамырдағы ПТР сынағы оң нәтиже көрсетті.
68 жастағы әйелдің қосымша диагноздары болған - орта деңгейдегі қант диабеті және басқа да сырқаттар. Ауруханаға түскен кезінде әйел жөтел қысып, ентігіп, басы ауыратынын айтқан. Науқас жансақтау бөліміне жатқызылып, бақылауда болған.
30 мамырда жағдайы нашарлап, науқас жасанды тыныс беру аппаратына қосылған. Бірақ жағдайы біртіндеп нашарлай берген. 2020 жылы 3 маусымда науқастың жүрегі тоқтап қалған. Түстен кейін сәтсіз реанимациядан соң биологиялық өлім тіркелген.
Бірнеше қосымша диагнозы болған
Ал 7 маусымда Атырау облысында коронавирустан адам өлімі үшінші рет тіркелді. Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылының 72 жастағы тұрғыны қайтыс болған.
Зейнеткер екі жақты пневмониямен Орталық аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылған. Науқаста қосымша аурулар болған: артерия гипертензиясы, тамырдан шыққан прогрессив дискркуляторлық энцефалопатия, бауыр стеатозы, созылмалы панкреатит.
© Тұрар Қазанғапов
Тұрғыннан COVID-19 сынамасы 4 маусымда алынған, анализ оң нәтиже көрсеткен.
"Әйелді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жіберуге дайындалып жатқан еді, бірақ ол кенеттен ауырып қалды. Дәрігерлер жүрек-өкпе реанимациясын жасады, бірақ бәрі бекер болды, науқас көз жұмды", - деді Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіндегілер.
Басында коронавирус табылмаған
Кеше Павлодар облысында коронавирустан тағы бір науқас көз жұмды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Екібастұз қаласының 1957 жылы туған тұрғынында коронавирус расталған. Науқас гипертония және эндокриндік аурумен диспансерде есепте тұрған.
26 мамырда жедел жәрдем бригадасы әйелді ауруханаға жеткізген. Науқас дене қызуы көтеріліп, тез ентігіп қалатынына шағымданған. Ауруханаға жеткізілген кезде интоксикация мен тыныс алу жеткіліксіздігі байқалған.
© Reuters
27 мамырда COVID-19 анализі алынып, ол 29 мамырда теріс нәтиже көрсеткен. Терапия кезінде жағдайы нашарлап, 29 мамырда жансақтау бөліміне ауыстырылған.
Сол кезде екінші рет COVID-19 сынамасы алынған. 31 мамырда дайын болған сынама оң нәтиже көрсеткен. Ал 3 маусымда науқас жасанды тыныс беру аппаратына қосылған.
"Науқасқа барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді, қажетті мамандардың кеңесі ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан шұғыл медициналық көмек ұлттық үйлестіру орталығының сарапшылар тобымен күнделікті кеңес өткізілді. Емдеу бекітілген стандарттарға, ауруларды диагностикалау мен емдеуге арналған хаттамаларға сәйкес жүргізілді", - делінген хабарламада.
Қарқынды терапияға қарамастан науқас 8 маусымда 05:30-да көз жұмған.
Показать комментарии
Читайте также