04 августа 2021 | 15:49

Баталов 19 миллионыншы қазақстандық қалай анықталғанын айтып берді

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 19 миллионыншы қазақстандық қалай анықталғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 19 миллионыншы қазақстандық қалай анықталғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айта кетейік, Қазақстанда бұған дейін 18 миллионыншы қазақстандық та Алматы облысында туған болатын. Амандық Баталовтың сөзінше, ол кезде бұл хабарды бұрынғы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов телефон шалып айтқан екен.

"Биыл да 19 миллионыншы тұрғын туралы игі жаңалықты тағы да Тимур Мұратұлы хабарлады. Осылайша қуанышқа қуаныш қосылып жатыр", - дейді әкім. 

Реклама
Реклама

Амандық Баталов Сүлейменовтен мұндай есеп қалай жүргізілгенін сұраған. 

"Ол реттік қатарды электронды база автоматты түрде өзі есептеп шығаратынын айтты. Шынында, керемет сәйкестік! Осылайша Алматы облысының қатарынан екі рет мерейі үстем болды! Алматы облысы - Елбасымыздың да, Президентіміздің де туған жері. Өңір барлық салада алдыңғы қатарда. Соның нәтижесінде туу көрсеткіші жылдан жылға артып келеді. Мәселен, біздің облыста жыл сайын 50 мыңдай бала бірінші сыныпқа барады. Балалар - біздің байлығымыз! Сондықтан 19 миллионыншы тұрғынның да жер жаннаты Жетісуда өмірге келуі - біз үшін үлкен қуаныш! Осындай жақсылықтар жақсылыққа ұласа берсін. Жанияның дені сау, ғұмыры ұзақ, болашағы жарқын болсын!", - деді облыс әкімі. 

"Қуанышты жаңалықты түнде естідік" - Он тоғыз миллионыншы қазақстандықтың анасы

Еске салайық, кеше, 3 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының саны 19 миллионға жеткенін хабарлаған болатын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная