ПОДЕЛИТЬСЯ
02 июля 2021 | 16:13
Бекшин коронавирустың төртінші толқыны келгенін айтты
Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қалаға коронавирустың төртінші толқыны келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қалаға коронавирустың төртінші толқыны келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бекшиннің айтуынша, бүгінде індет дамып келе жатыр.
"Соңғы екі аптада коронавирус 2,1 есеге өсті. Бұл 1 142 жағдай 2 377 жағдайға дейін өсті деген сөз. Кейінгі тәулікте 353 жағдай тіркелді. Тәуліктік өсім 0,4 пайыз болды. Сондықтан, біздің ойымызша, бұл төртінші толқын деп саналады. Өткен үшінші толқынның себебі ұлыбританиялық штамның тіркелуі. Ол басылмай, жаңадан төртінші толқын басталып жатыр. Оның басты себебі - ұлыбританиялық штамға үнді штамы "дельта" қосылды", - деді Бекшин ӨКҚ алаңында өткен брифингте.
Еске салайық, Алматы коронавирус жұқтырғандар саны бойынша бірінші орында: пандемия басталғалы 74 659 жағдай тікелсе, оның ішінде, 71 262 аурудан айыққан.
Показать комментарии
Читайте также