ПОДЕЛИТЬСЯ
- Главная
- 11 февраля 2020 10:16
Бердібек Сапарбаев жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді
Жамбыл облысына жаңадан тағайындалған облысы әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа қызметіне байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Оны (жаңа қызметке тағайындау туралы - автор) шешетін Мемлекет басшысы. Президент осындай шешім қабылдағаннан кейін мен оны орындауға міндеттімін. Кезінде министр болсам, енді әкім болдым. Жамбылда болған оқиғалардың салдарын тезірек жоюға жұмыс істейміз", - деді облыс әкімі үкімет кулуарында журналистерге.
Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев жаңа қызметке тағайындалғанына қарамастан Қордай ауданында болған жағдайға байланысты құрылған комиссияның төрағасы болып қала беретінін жеткізді.
Айта кетейік, осыған дейін Бердібек Сапарбаев үкімет басшысы орынбасарының қызметін атқарған болатын.
Вопрос от автора
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии