30 марта 2021 11:41

Бес баланың әкесі, академик. Сіз кімсіз, "Самұрық-Қазына" басшысы? 

Кеше "Самұрық-Қазына" қорының басшысы болып Алмасадам Сәтқалиев тағайындалды. Бұған дейін ол қордың атқарушы директоры болып қызмет еткен. Еңбек жолының басым бөлігінде түрлі компаниядағы лауазымдарда болған. Tengrinews.kz тілшісі Алмасадам Сәтқалиев туралы қызық деректер жинады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кеше "Самұрық-Қазына" қорының басшысы болып Алмасадам Сәтқалиев тағайындалды. Бұған дейін ол қордың атқарушы директоры болып қызмет еткен. Еңбек жолының басым бөлігінде түрлі компаниядағы лауазымдарда болған. Tengrinews.kz тілшісі Алмасадам Сәтқалиев туралы қызық деректер жинады.

Алмасадам Сәтқалиев 1970 жылы 31 қазанда Алматыда туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "механик, қолданбалы математик" мамандығы бойынша аяқтаған. Кейін Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін, Стэнфорд университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

Сәтқалиев - экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі.

Реклама
Реклама

Еңбек жолын 22 жасында "ТаССат" ЖШС директоры ретінде бастаған. Бес жылдан соң "ҚазТрансОйл" ұлттық мұнай тасымалдау компаниясына менеджер болып жұмысқа кіреді. Содан төрт жыл ішінде бұл компанияда экономика жөніндегі вице-президент қызметіне дейін көтерілген.

2001 жылы электр желілерін басқару жөніндегі KEGOC компаниясына ауысып, қаржы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті және бірінші вице-президенті лауазымдарын атқарды.

Кейін "Самұрық" холдингінде түрлі қызметте жұмыс істеген, KEGOC компаниясында да жұмысын жалғастыра берген.

2011 жылы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры болып тағайындалды, 2011-2018 жылдары "Самұрық-Энерго" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, басқарма төрағасы болған.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Самұрық-Қазынаның" активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған. Ал кеше Сәтқалиев "Самұрық-Қазына" басшысы болып тағайындалды.

Одан бөлек, Алмасадам Сәтқалиев - "Қазақстан Темір жолы", "Қазатомөнеркәсіп" компаниялары директорлар кеңесінің мүшесі, "КОРЭМ" директорлар кеңесінің төрағасы.

Сәтқалиев бірнеше рет марапатталған. "Құрмет", "Парасат" ордендерін, "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" (2005), "Астананың 10 жылдығы" (2008), "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл", "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл" медальдарын таққан. "ТМД-ға еңбек сіңірген энергетик" деген атағы бар.

Алмасадам Сәтқалиев үйленген, бес баласы бар - төрт ұлы: Әсет, Асхат, Асат, Аслан мен жалғыз қызы Анадэль.

Ол желіде белсенді емес. Жеке өмірі туралы мәлімет жоқтың қасы. Әлеуметтік желіде де парақшалары жоқ.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram