ПОДЕЛИТЬСЯ
02 декабря 2020 | 18:14
Бес баланың әкесі, қара белбеу иегері әрі заңгер. Сіз кімсіз, Нұржан Әлтаев?
Бүгін Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттігі тоқтатылды. Кейін мұның себебін Nur Otan партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев түсіндірген.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттігі тоқтатылды. Кейін мұның себебін Nur Otan партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев түсіндірген.
Казанцевтің айтуынша, комитет отырысының қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтандағы Nur Otan партиясы филиалының Саяси кеңес бюросына Nur Otan партиясының беделін түсіретін және оның мүдделеріне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер жасағаны үшін, бірқатар мәлімдемелерінде оның ішінде жаңа саяси партия құру ниеті туралы айтқан Әлтаевты партия қатарынан шығаруды ұсыну туралы шешім бірауыздан қабылданған.
Ал экс-депутаттың сөзінше, ол Nur Otan-дағы әріптестері айтқандай партия тәртібін бұзған жоқ.
"(...) Мен партиялық тәртіпке, партия бағдарламасына құрметпен қараймын, бірақ Қазақстан халқына да үлкен құрметпен қараймын. Мен Nur Otan депутатының жылы креслосында қалу үшін халықтың проблемалары қарап, үндемей отыра алмаймын. Маған көмекке жүгінген адамдардың пікірлерін жеткізу үшін партия тәртібін бұзуға тура келді", - деді Әлтаев өзінің баспасөз мәслихатында.
Нұржан Әлтаев Мәжіліс депутаты болып 1,5 жылдай жұмыс істеді. Tengrinews.kz тілшісі мәжілісмен туралы деректер жинады.
Нұржан Әлтаев 1978 жылы 13 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2004 жылы Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "Заңгер" мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін Академиялық инновациялық университетте "Экономист" мамандығы бойынша білім алған. Іскерлік әкімшілік докторы атағы бар.
Болашақ депутат еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде проректор болып бастаған. 2005 жылы Ішкі істер министрлігінде бөлім басшысы болады. Кейін түрлі басқармада, кәсіпорында жұмыс істеген.
2013-2014 жылдар арасында сол кездегі ОҚО кәсіпкерлер палатасының директоры болған. 2017 жылы ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды. Бір жылдан кейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі атанып, бір жылдай сонда жұмыс істеген.
2004 және 2016 жылдары Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар тізімінде болған. Ал былтыр 13 ақпанда Мәжіліс депутаты атанды. Сол кезде Нұржан Әлтаев Парламенттің төменгі палатасының аграрлық мәселелер комитетінің құрамына кірген.
Әлтаевтың бірнеше медалі бар. "ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы", "ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы", "Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін" және тағы да басқа медальдарды кеудесіне таққан. Сонымен қатар, экс-депутат тхэквандодан қара белбеу алған. Нұржан Әлтаев үйленген, бес баласы бар.
Экс-депутат әлеуметтік желіде белсенді. Facebook-парақшасында 4996 досы бар. Онда жұмысына қатысты түрлі жазбалар жариялап тұрады. Оның Instagram желісінде де парақшасы бар. Бірақ онда белсенді емес, соңғы жазбасы 2018 жылы жарияланған.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также