03 апреля 2020 | 17:13

"Бетперде жетіспеушілігі бар". Қазақстан Қытайдан бетперде сатып алмақ

Даурен Ерболат Журналист

Бетперде жетіспеушілігіне байланысты Қазақстан Қытайдан бетперде сатып алмақ. Бұл туралы "СК Фармация" ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бетперде жетіспеушілігіне байланысты Қазақстан Қытайдан бетперде сатып алмақ. Бұл туралы "СК Фармация" ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төрағаның айтуынша, елімізде бетперде сатып алу рәсімдері бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. 

Реклама
Реклама

"Біз "Долче", "Суперфарма" зауыттарымен жұмыс істеп жатырмыз. Бір жылға 19,7 миллиард бетперде сатып алуға келісімшарт бар. Оның ішінде 9,3 миллион бетперде барлық өңірге сатып алынып жеткізілді. Бірақ коронавирусқа байланысты бетпердеге қосымша сұраныс артты", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осы орайда ол 10,6 миллион бетперде қосымша сатып алынғанын жеткізді. Алайда оларды жеткізу барысында мәселелер туындапты.

"Өкінішке қарай, бетперлерді ішкі нарыққа жеткізу бойынша қиындық туып отыр", - деді Берік Шәріп. 

Сонымен қатар, ол елімізде бетперде жетіспеушілігі барын ашық айтты.

"Бетперде жетіспеушілігі пайда болды. Осыған байланысты мемлекеттік комиссия Қытайдан қосымша бетперде сатып алу рәсімін өткізу мүмкіндігін қарастырды. Бізге баға 118 теңгеге қойылды. Бұл - жоғары баға. Біз осыдан төмен бағаға сатып алуға тырысамыз", - деді басшы.

Сонымен қатар, Берік Шәріп алдағы уақытта 5 миллион бетперде сатып алынатынын тілге тиек етті.

"Қазіргі таңда "Біз біргеміз" қорымен бірлесіп, 5 миллион бетперде сатып алу рәсіміне келістік. Уақыт өте тығыз. 15-сәуірге дейін бұл бетпердені елімізге жеткізуіміз керек. Олар әлеуметтік осал топтарға тегін таратылады", - деп түйіндеді сөзін ол.

Осыған дейін қорғаныс министрі қазақстандықтардың неге әскерге шақырылғанын түсіндіріп, олардың немен айналасытынын айтып берген. 2 сәуірде Қазақстан Президентінің әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру туралы қаулысы жарияланды.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 453-кежетті. 29 науқас айықты, 3 адам қайтыс болды.

Сондай-ақ, бүгін Нұр-Сұлтан мен Алматыда демалыс аптасы ұзарды.

Еске салайық, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная