ПОДЕЛИТЬСЯ
13 марта 2020 | 19:59
"Бетпердесіз қалдық". Министр Қазақстанда маска тапшылығы қалай пайда болғанын түсіндірді
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде бетперде тапшылығы қалай пайда болғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде бетперде тапшылығы қалай пайда болғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, қазақстандық кейбір зауыттар елдегі бетпердені шетелге сатып жіберген.
"Кейбір мәселе осы зауыттарға байланысты. Мысалы, олар қоймаларындағы бетпердені шетелге, Қытайға сатты. Өкінішке қарай, біз бетпердесіз қалдық", - дейді Біртанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Осы орайда министр бетперде шығаратын зауыттарда өндіріс көлемін арттыру бойынша тисті жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.
"Бұл мәселені шешу үшін барлық қажетті шара енгізіліп жатыр. Бетпердені экспортқа шығаруды тоқтаттық. Импорт мәселесі шешіліп жатыр. Мысалы, шикізат жетіспеушілігіне байланысты кейбір зауыттардың жұмысы тоқтап қалды. Осы орайда сыртқы істер министрлігіндегі әріптестердің қолдауымен басқа мемлекеттерге хабарласып жатырмыз. Дүрбелең туғызудың қажеті жоқ", - деді ол.
Сонымен қатар, Елжан Біртанов жас маман болған кезде қалай жұмыс істегенін еске алды.
"80-90 жылдары мейіргер, дәрігер болған кезімде дәкеден жасалған бетпердемен жүрдім. Онда да қауіпті инфекциялар болды. Жұмыс істедік қой. Көп пайдаланылатын бетперденің тиімділігі нашар емес. Қазір мемлекеттік емханалар осындай бетпердені тігіп, пайдаланып жүр", - деп түйіндеді сөзін министр.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также