09 сентября 2020 | 15:34

БҒМ қашықтан оқытуда проблема барын мойындады

Даурен Ерболат Журналист
Фото: elements.envato.com

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова қашықтан оқытуда мәселесі барын ашық айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова қашықтан оқытуда мәселесі барын ашық айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жаңа оқу жылы дайындықсыз басталды" деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінде 500 мыңнан аса мұғалім жұмыс істеп жатыр. Барлық ұстаздың еңбегін жоққа шығаруға болмайды. Министрлік осы уақытқа дейін мұғалімдерге алғысын айтып келді. Қазіргідей қиын уақытта әртүрлі форматта жұмыс істеп жатқан ұстаздарға алғысымызды айтамыз", - деді ол орталық коммуникациядар қызметінде өткен брифингте.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, елімізде оқушылардың білім алып жатқанына 9 күн болды, бір күнде 2 миллионнан аса сабақ өткізілген.

"Қашықтан білім беруді ұйымдастыруда, санитариялық талаптарды орындау бойынша бірқатар жұмыс ұйымдастырылды. Осы уақытқа дейін 435 мың оқушыға компьютер берілді. Бұл қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін жасалған іс-шара болып саналады", - дейді вице-министр.

Сондай-ақ, ол Каринова білім беру саласында шешімін таппаған мәселе барын ашық айтты.

"Әрине, қашықтан оқыту кезінде проблемалардың бар екенін білеміз. Білім және ғылым министрлігі бұл мәселе бойынша күнделікті білім беру мекемелерімен, білім басқармаларымен жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде әлеуметтік желілерде мұғалімдердің, ата-аналардың, депутаттардың көтеріп отырған мәселелерін біз де байқап отырмыз. Олардың әрқайсына жеке-жеке жауап беріп, жеке түрде қарастырамыз. Барлық мәселені шешуді қарастырып жатырмыз", - деді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная