02 июня 2020 09:46

Биыл 130 мыңнан аса түлек ҰБТ тапсырады

Фото ©Тұрар Қазанғапов

Биыл Қазақстанда 130 мыңнан аса адам Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтеді. Оның 111 мыңнан астамы - биыл мектеп бітірушілер. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министрдің сөзінше, биыл ҰБТ форматы өзгертілген жоқ. Барлығы - 5 пән: үш міндетті және екі бейімдеу. Тест қағаз жүзінде өтеді. Тест тапсырмаларының саны - 120, ең жоғары балл - 140.

Реклама
Реклама

"Жалпы биыл мектеп түлектерінен тестіге қатысу үшін 111 109 немесе 82 пайыз өтініш түсті. Бұл былтырмен салыстырғанда, 11 пайызға немесе 15 мыңға жуық түлекке көп. Сондай-ақ, алдыңғы жылдары мектеп бітірген түлектерді қосқанда, биыл барлығы 131 755 адам тест тапсырады. ҰБТ бекітілген мерзімде, яғни, 20 маусымнан 5 шілдеге дейін санитарлық талаптарды қатаң түрде сақтау арқылы 161 ҰБТ пунктінде өткізіледі", - деді Асхат Аймағамбетов.

Министр биыл өтініштерді қабылдау онлайн форматта өткенін айтты. Тек интернеті жоқ өңірлерге дәстүрлі форматта құжаттарды тапсыру мүмкіндігі берілген.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram