ПОДЕЛИТЬСЯ
01 июня 2020 | 11:01
Биыл елімізде жетім балалар саны азайды - БҒМ
Биыл елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны 3 893-ке азайды. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Дулат Жекебаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанда балалар құқықтарын қорғау комитеті 2006 жылы құрылыпты. Осы уақыттан бері мекеме жемісті еңбек етіп келеді. Халықаралық сарапшылар балалар құқын қорғау комитетінің құрылымы мен қызметіне оң баға берген.
Сондай-ақ, Дулат Жекебаев биыл елімізде жетім балалардың саны азайғанын атап өтті.
"Осы жылы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны 3 893-ке азайды. Оларды орналастыру көрсеткіші 70 пайызға артты. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың саны 33-ке қысқарды. Ата-анасының құқығынан айырылғандардың саны 568-ге азайды. Ата-ана құқығынан бас тартқандардың саны 289-ға кеміді", - деді министрліктің Facebook желісінде өткен брифингте.
Айта кетейік, елімізде 1 маусым - Балаларды қорғау күні.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также