22 сентября 2020 | 10:06

Биыл рекордтық көлемде егін жиналады деген болжам айтылды

Даурен Ерболат Журналист
Фото: ©РИА Новости

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров егіннің 93,4 пайызы жиналғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров егіннің 93,4 пайызы жиналғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, биыл егін жинау жұмыстары уақытында басталды.

Реклама
Реклама

"Бұл ретте егін жинау жұмысының қарқыны өткен жылмен салыстырғанда жоғары. Мәселен бүгінде республика бойынша 14,8 миллион гектардан аса дәнді және дәнді бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы жиналатын алаңының 93,4 пайызында егін жиналды. Ал өткен жылы осындай уақытта 10,3 миллион гектар немесе 67,6 пайыз егін жиналған болатын. Гектарына 12,3 центнер орташа түсіммен 18,2 миллион тонна астық бастырылды. Өткен жылы осы уақытта 11,4 миллион тонна астық бастырылған болатын", - деді ол Үкімет отырысында.

Сапархан Омаров осы жылы дәнді және дәнді бұршақты дақылдар өндірісінің болжанып отырған көлемі елдің ішкі қажетін толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сондай-ақ, ол биыл әлемде рекорд астық жиналатынын атап өтті.

"Астық жөніндегі халықаралық кеңестің есебіне сәйкес астық өндірісінің Ресей, Канада, Аустралияда өсінуе байланысты 2020 жылғы өнім көлемі әлемдік рекордтық деңгейде 2,2 триллион тонна болады деп бағаланып отыр. Маусым жоғары астық қорымен 630 тонна мөлшерінде аяқталады. Оның ішінде астық жөніндегі халықаралық кеңес Қазақстанда 17,7 миллион тонна көлемінде астық жиналады деп болжап отыр. Біздің бағалауымыз бойынша ол 18 миллион тонна болады", - деді министр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная