20 февраля 2020 19:19

Биылғы екі айда 18 полицей мас күйде көлік жүргізген

Даурен Ерболат Журналист
Көрнекі сурет. Фото: Тұрар Қазанғапов

Биыл полицияның 18 қызметкері мас күйде көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылған. Бұл туралы ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік қызметі департаментінің басшысы Арман Саданов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Департамент басшысы 2020 жылдың 20 ақпанына дейінгі мәліметке сәйкес, 18 полиция қызметкері мас күйінде көлік басқарғаны үшін ұсталғанын атап өтті.

Реклама
Реклама

"Биыл мас күйінде көлік рөлінде отырған 18 полицей анықталды. Бұл бағытта да тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мысалы, олардың әрқайсы 7 жылға көлік жүргізу куәлігінен айрылып, 15 тәулікке қамалады. Соңында жұмыстан шығарылады", - деді Арман Саданов ІІМ-де өткен брифингтен соң.

Айта кетейік, осыған дейін ішкі істер министрлігі қай өңірлерде полицейлер пара алмайтынын хабарлаған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram