ПОДЕЛИТЬСЯ
12 апреля 2021 | 16:03
Биылғы Рамазан айы туралы не білу керек?
Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. Қадір түні - 9 мамырға қараған түн. Баршаға ортақ пітір садақа көлемі - 420 теңге. Биыл пандемия жағдайында оразаны қалай ұстау керек? Қандай шектеулер бар? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. Қадір түні - 9 мамырға қараған түн. Баршаға ортақ пітір садақа көлемі - 420 теңге. Биыл пандемия жағдайында оразаны қалай ұстау керек? Қандай шектеулер бар? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.
Коронавирусқа қарсы екпе оразаны бұзбайды
Егер зат (сұйықтық) адам ағзасына ауыз немесе мұрынмен асқазан-ішек жолдары арқылы түсса, ораза бұзылады. Ал вакцина инъекция жолымен енгенде ораза бұзылмайды. Сондықтан COVID-19-ға қарсы екпе салдыру оразаны бұзбайды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар брифингінде Алматының бас имамы Еркінбек Шоқай айтты.
"Вакциналау инфекциялық аурулардың алдын алады және адамның иммунитетін көтереді. Вакцина дәрумен емес. Сол себепті екпе терінің астына, бұлшық етке немесе қан арқылы енгізілсе, ораза бұзылмайды", - деді Алматы мешітінің бас имамы.
Яғни дәруменге жатпайтын, тек емдеу мақсатында қолданылатын инъекцияларға рұқсат беріледі. Сонымен қатар, имамның айтуынша, ПТР-тест тапсыру барысында адамның ішіне ешнәрсе кірмейді, сондықтан ораза бұзылмайды.
"Былтыр коронавирус жұқтырып, сауығып шыққандар ораза ұстаса әлсіреп қалмай ма?"
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғалымдар кеңесінің мүшесі Бауыржан Әлиұлының сөзінше, ауырып, ораза ұстауға шамасы жетпей жүрген адамдар ораза ұстауға міндетті емес. Бұрын ауырып, кейін түзелген және ораза ұстауға шамасы келетін мұсылмандар ораза ұстай береді.
Бірігіп ауызашар жасауға тыйым салынады
5 сәуірде Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындары Рамазан айының алдында үндеу жасады. Бекшин Рамазан айында жиналып, ауызашар жасауға тыйым салынатынын айтқан болатын.
"Былтыр ауызашардан кейін коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскенін білесіздер. Әрине, биыл да азаматтарымыз біздің ұсынысымызды ескеріп, ұжымдық кездесулер, оның ішінде, үй жағдайында да жасамаса екен дейміз. Үйде тек жақын адамдар жинала алады", - деді Бекшин.
9 сәуірде астананың бас санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева да қалада ауызашар жасауға тыйым салынатынын айтқан болатын.
Коронавирус пандемиясы кезінде Ораза ұстау қауіпті ме?
Былтыр коронавирус пандемиясы өршіп тұрған кезде бұл сұрақтың жауабын Алматыдағы №11 аурухананың жалпы практикалық дәрігері Гүлсаням Нұралиева берген. Дәрігердің сөзінше, пандемия кезінде денсаулыққа қауіп төндірудің қажеті жоқ. Сондықтан дәрігер Ораза ұстауды кейінге қалдыра тұруға кеңес берді.
"Аш жүрген адамның иммун жүйесі әлсірейді, ал дәл қазір эпидемиологиялық жағдайды ескеретін болсақ, дәрумендермен байытылған азық-түлік пен жемістерді тұтыну қажет. Тамақта ақуыз, май және көмірсулар көп болуы керек. Дәл қазір барлығы дәрумендер қабылауды қажет", - деп түсіндірді маман.
Ал Алматыдағы Ұлттық биотехнологиялар орталығы филиалының директоры, профессор Сейдіғапар Мамадалиевтің айтуынша, қандай қиын жағдай болсын, Ораза ұстауға болады.
"Мен Ораза ұстаған адамдардың иммунитеті әлсірегенін ешқашан көрмеппін. Ол адамдардың ағзасында күн ыстық болған жағдайда су жетіспеуі мүмкін. Бірақ бұл иммунитеті әлсірейді деген сөз емес", - деді профессор.
Рамазан айында ораза ұстай алмайтын кісілер не істеуіне болады?
Рамазан айында ораза ұстай алмайтын кісілер болады. Емізік баласы бар, жүкті әйелдер, немесе ауырып жүрген, денсаулығы көтермейтін кісілер, сапарға шығатын кісілерге Рамазан айында оразаларын ашуына рұқсат. Кейін денсаулығы қалпына келген соң, сапардан келген соң, баласын омыраудан шығарған соң, оразаның қазасын ұстайды. Кейбір азамат болашақта мүлдем ораза ұстай алмауы мүмкін. Мысалы, созылмалы ауруларға шалдыққандар, жасы үлкен қариялар бар. Бұл кісілерге ораза ұстамауға рұқсат. Бірақ оларға хидия садақасын төлеу міндеттеледі. Хидия садақасы дегеніміз бір күндік міскінді тойдыру. Яғни, ол жағдайы төмен бір адамның екі мезгіл тойып ішетін тамағы.
Ббиыл бірнеше елде Рамазан уақыты шегерілді
11 сәуір, жексенбіде Сауд Арабиясының Жоғарғы соты бұл күні жаңа айдың туғанын ешкім көре алмаған соң Парсы шығанағы елдеріндегі мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы дүйсенбіде басталмайтынын белгіледі. Бұл туралы Сауд Арабиясының SPA жаңалықтар агенттігі таратқан сот хабарламасында айтылған.
Сауд Арабиясының бұл мәселедегі пікірін көптеген басқа араб елі ұстанады, дегенмен олардың әрқайсысы өз астрономдары мен теологтарының есебіне сүйенеді. Дегенмен, дүйсенбіде ораза айы Мысыр, Ирак, Тунис, Ливан, Кувейт, Йемен, Оман, БАӘ-де басталмайды.
Бұл елдерде дүйсенбіде ай туғаны көрінбесе, Рамазан көптеген араб елінде сейсенбіде 30 күннен тұратын Шаабан айы аяқталғаннан кейін пайда болуы мүмкін, дегенмен кейбір елде, соның ішінде Сауд Арабиясында шаңды ауа райына байланысты Шаабан айының басталу күніне күмән бар. Сондықтан Рамазан сәрсенбіге де белгіленуі мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также