ПОДЕЛИТЬСЯ
30 марта 2020 | 12:07
БҚО-да науқастың үйінде тұратын көршілері дүкенге бір адамнан шыға алады
БҚО-да анықталған науқастар тұрған үйлер карантинге жабылған. Тұрғындар дүкенге не дәріханаға шыға алады. Бұл туралы БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
БҚО-да анықталған науқастар тұрған үйлер карантинге жабылған. Тұрғындар дүкенге не дәріханаға шыға алады. Бұл туралы БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мұстаевтың айтуынша, Батыс Қазақстан облысында 29 наурызда 2 жағдай тіркелген болатын. Екеуі де - БҚО тумасы.
"Біреуі Ресей Федерациясынан, біреуі Атырау облысынан келген. Екеуі де 103 жедел жәрдемге хабарласқан. Содан кейін провизорлық стационарға жатқызылды. Бір азаматшамыз 24 наурыз күні Ресейден Тасқала бекетінен өтіп, Ақсай қаласында тұрған. Ол жедел жәрдеммен 28 наурыз күні Бәйтерек ауданында стационарға жатқызылды. Екінші азаматымыз 28 наурыз күні 1406 кол-орталығына хабарласып, ол жерден жергілікті 103-ке хабарласқан дегеннен кейін, өзі аяқтай провизорлық стационарға келген болатын. Екеуінің де жағдайы - қалыпты. Тікелей қарым-қатынаста болған барлық азамат провизорлық стационарда жатыр, байланыста болғандар медициналық бақылауда", - деді спикер.
Мұстаевтың айтуынша, науқастар тұрған үй толық карантинге жабылған.
"Олар жүрген жерлерде дезинфекция жасалды. Үйлерінде шектеу қойылып, осы үйде тұратын азаматтарымыз, қай подъезд болса да, бір адам бетпердемен дүкенге не дәріханаға шыға алады. Не қажетті заттарын үйге алдырта алады. Бүгінгі таңда эпидемиялық тергеу жұмыстары жүргізіледі", - деді басқарма басшысының орынбасары.
Айта кетейік, ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қазақстандықтарды алаңдатқан 7 сұрағына жауап берген болатын.
Ал, осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 167 адам, Алматы қаласында - 73 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 9 адам, Атырау облысы - 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 6 адам, Ақтөбе облысында - 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 5 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы елімізде 293 науқас тіркеліп отыр.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также