БҚО-дағы жағажайда жалаңаш билегендердің видеосы тарады

viewings icon
31595
3
© Видео кадрлары © Видео кадрлары

Батыс Қазақстан облысындағы жағажайлардың бірінде ерекше кеш өтті. Кешке жиналғандар жалаңаштанып, би жарысын өткізген. Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Полиция департаменті видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысындағы жағажайлардың бірінде ерекше кеш өтті. Кешке жиналғандар жалаңаштанып, би жарысын өткізген. Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Полиция департаменті видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Zkoonline мәліметінше, видео БҚО орталығындағы Желаево карьеріне жақын маңда орналасқан жағажайлардың бірінде түсірілген. Видеода жартылай жалаңаш жігіттер мен қыздар би билеп, жарыс өткізіп жатқаны көрсетілген. Бірақ біраз уақыт өткеннен кейін видео әлеуметтік желі шартын бұзғаны үшін өшірілген.

Алайда жазбаға Желі қолданушылары қалдырған пікірлер сақталып қалған.

Реклама
Реклама

"Мұндайды неге көрсетесіңдер? Жастар ойына келгенін істейді. Жұрт алдында жалаңаштанып, ұят қайда?" - дейді олардың бірі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға Бәйтерек ауданында орналасқан жағажайлардың бірінің аумағында болғанын хабарлады.

"Іс-шараға қатысқандардың бәрі анықталып жатыр. Ақпарат санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды. Қабылданған шаралар туралы қосымша ақпарат беріледі", - деді полиция өкілі.

Сондай-ақ, құқық қорғау органының қызметкерлері кешке қатысушылардың іс-әрекеттерінде Әкімшілік кодекс бабы бұзылғаны байқалатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Вопрос от автора
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная