08 июня 2020 | 17:51

"Блокбекеттер қайта қойылады". Қазақстанның қай аймағында карантин күшейтілді?

© Reuters

Елдегі коронавирус пандемиясының әлі әлсіремеуіне байланысты кей аймақта карантин талаптары күшейтіліп жатыр. Әр аймақта шектеу шаралары әртүрлі. Tengrinews.kz тілшісі соңғы уақытта карантин шарасын күшейткен аймақтар туралы баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елдегі коронавирус пандемиясының әлі әлсіремеуіне байланысты кей аймақта карантин талаптары күшейтіліп жатыр. Әр аймақта шектеу шаралары әртүрлі. Tengrinews.kz тілшісі соңғы уақытта карантин шарасын күшейткен аймақтар туралы баяндайды.

Оралда базарлар төрт сағат жұмыс істейді

Реклама
Реклама

Оралда 6 маусымда карантин талаптары күшейді. Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаев аймақта коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болғандар жиі тіркелетінін атап өтті.

Облыстың бас санитар дәрігері аймақта карантиндік шектеу шаралары туралы қаулыға өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді. Отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізіміне енбеген салалардың барлық ұйымы мен кәсіпорны карантин уақытында әдеттегі жұмыс режимін тоқтата тұруға тиіс, олар қашықтан, онлайн режимде жұмыс істей алады.


© Тұрар Қазанғапов 

Ал қоғамдық көлік үшін барлық санитарлық талапты сақтай отырып, сағат 6-дан 12-ге дейін және сағат 17-ден 21-ге дейін жұмыс режимі орнатылды.

"Базарларға дүйсенбіден бейсенбіге дейін 9-дан 13-ке дейін, жұма-жексенбі күндері 10-нан 16-ға дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Мейрамханалар мен барларға кальян қолдануға тыйым салынады", - деді Мұхамғали Арыспаев.

БҚО мемлекеттік бас санитар дәрігері тұрғындарды адам көп жиналатын орындарға барудан бас тартып, әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырды. Шектеу 6 маусымнан бастап карантин аяқталғанға дейін қолданылады. Ал Батыс Қазақстан облысында шектеу шаралары 15 маусымға дейін жарияланды.

Атырауда паркке баруға тыйым салынды

Атырауда да шектеу шаралары күшейді. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау облысында карантин шараларын күшейту туралы шешім коронавирустан екі адам көз жұмған соң және эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталуына мониторинг жүргізу және бақылау бойынша мобильдік топтардың талдауына байланысты қабылданған.

"Атап айтқанда, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге, кинотеатр, театрлардың, көрмелердің қызметіне және басқаларына тыйым салынады. Қазіргі жағдайға байланысты, қаланың ірі алаңдары мен парктеріне (Исатай-Махамбет алаңы, Жеңіс саябағы және Ретропарк) баруға тыйым салу туралы шешім қабылданды", - делінген ведомство хабарламасында.


Фото: NCOC баспасөз қызметі

Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері тұрғындарға санитарлық нормаларды қатаң сақтау туралы еске салды.

"Жабық үй-жайларда және көшеде, оның ішінде сауда нысандарында, қоғамдық орындарда, қоғамдық көлік аялдамаларында және басқа да көпшілік жиналатын орындарда бір-бірінен екі метрден кем емес әлеуметтік қашықтық сақтау қажет. Маскасыз барлық жерде, соның ішінде қоғамдық көлікте жүруге тыйым салынады", - деп атап өтті бас санитар дәрігердің баспасөз қызметі.

Алматы облысында бекеттер қайта орнатылды

Алматы облысында да карантин талаптары күшейтілген. Сауда үйлері қайтадан жабылып, кей нысанның жұмыс істеуіне және қоғамдық шараларға тыйым салынады.

Сонымен қатар, аймақтағы бассейндер мен фонтандар жабылды. Қоғамдық көліктердің жұмысына да шектеу қойылған, енді олар таңертең және кешке 3 сағаттан жұмыс істейді.

Сондай-ақ, енді облыс ішіндегі санитарлық бекеттер қайта жұмыс істейді.


© Тұрар Қазанғапов 

Алматы облысының бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтің айтуынша, шектеу шараларын күшейтуге тұрғындардың қауіпсіздік ережесін сақтамауы себеп болған.

"Эпидемия басталысымен Алматы облысында 422 адамнан коронавирус анықталды, бір аптада науқастарың өсімі 4,5 пайыз болды. Карантин күшейтілгенге дейін бұл көрсеткіш 2,5 пайыздан аспаған. Оған себеп - облыс тұрғындары мен бизнес өкілдері негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтамайды, адам көп баратын жерлерде жиналып, қашық сақтамай, маска тақпайды. Облыс бойынша карантин ережесін бұзған 3690 нысан тексеріліп, 720 заңбұзушылық анықталды", - дейді бас санитар дәрігер.

Қайрат Баймұхамбетов карантин шараларын сақтау керегін, ал заң бұзғандарға 5-тен 5 мың АЕК көлемінде айыппұл салынатынын айтты.

Маңғыстау облысында қоғамдық көліктер күніне екі мезгіл жүреді

Бүгіннен бастап Маңғыстау облысында да шектеу шаралары күшейтілді. Аймақта коронавирус жұқтыру деңгейі жеті пайызға өскен.

Осыған байланысты жұмысын бастаған кәсіпорындар қайта жабылды. Қоғамдық коммуникациялар орталығының хабарлауынша, Маңғыстау облысындағы кинотеатрлар, театрлар, көрмелер, интернет және компьютер клубтары, ойын мекемелері, түнгі клубтар, кальян тарту орындары, ойын-сауық нысандарының жұмысына тыйым салынған. Мейрамхана, моншалар мен сауналар да жабық.

Сондай-ақ, облыстағы елді мекендерге кіріп-шығу шектетілді. Қоғамдық көліктер енді таңғы 06:00-ден 10:00-ге дейін, кешке 17:00-ден 21:00-ге дейін жүреді.

Аймақта кәмелет жасқа толмаған балаларға ересектердің қарауынсыз көшеде жүруге болмайды, қоғамдық орындарда маскасыз жүруге тыйым салынған.


© Тұрар Қазанғапов 

Шымкентте қала аумағында қозғалыс шектелді

Бүгіннен бастап еліміздің тағы бір аймағында карантин талаптары күшейтіліп жатыр. Шымкентте карантин мен шектеу шаралары 22 маусымға дейін ұзартылды.

Шымкент бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша, тұрғындарға қоғамдық орындарда маскасыз жүруге тыйым салынды. Маскасыз тұрғындар қоғамдық көліктерге отырғызылмайды. Қажеттілік болмаған жағдайда қала аумағында қозғалыс шектелді.

Қаладағы барлық базар сағат 06.00-ден сағат 19.00-ге дейін жұмыс істейді.

"Қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 23:00-ге дейін бекітілсін. Сауда-ойын орталықтарының, кешендерінің, сауда үйлерінің аумағында орналасқан кинотеатрлар, балалар ойын алаңдары, мұз алаңдарының, батут және фудкорттардың жұмысын бастауға жол берілмесін", - делінген қаулыда.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная