ПОДЕЛИТЬСЯ
30 июня 2020 | 17:04
Болат Назарбаевтың жары дүниеден озды - БАҚ
Болат Назарбаевтың жары Гүлжан Назарбаева дүниеден озды. Желіде жарияланған ақпаратты Айша қоғамдық қорының директоры Айша Оразбай растаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Болат Назарбаевтың жары Гүлжан Назарбаева дүниеден озды. Желіде жарияланған ақпаратты Айша қоғамдық қорының директоры Айша Оразбай растаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
Айша Оразбай кеше Facebook-парақшасында Гүлжан Назарбаеваның қайтыс болғанын хабарлаған еді.
"Ойламаған жерден үндемей ғана күліп жүре беретін, ешкімге сыр ашып, бейберекет дабырламайтын, сабырлы, салиқалы мәрт күйінде ауырғанын да білдірместен жұмысын жасай жүріп кете барды", - деп жазды ол.
Ол Sputniknews.kz сайтына берген сұхбатында Назарбаеваның кеше көз жұмғанын растады.
"Гүлжан кеше қайтыс болды. Бүгін жерледі. Ол кісінің бұрыннан жүрегі ауырады екен, содан қайтыс болды, басқа ауру емес", - деді Айша Оразбай.
Оның айтуынша, Гүлжан Назарбаева Шамалған ауылының маңындағы Шұбарат зиратына жерленген.
"Шұбаратқа жерледі. Ол жерде тұңғыш президенттің әке-шешесі жатыр. Бірақ карантинге байланысты ешкімді кіргізбеді", - деді ол.
Yedilov Online Telegram-каналы да Болат Назарбаевтың жарының қайтыс болғанын жазды. Мұнда да Гүлжан Назарбаеваның Шамалған маңында жерленгені хабарланған.
Показать комментарии
Читайте также