РЕЙТИНГ ДЕПУТАТОВ СЕНАТА
10 января 2025 | 14:19

“Бойымда көшпенділердің қаны бар!“ - Халық жазушысы Мағауин

magauin.com

Бүгін Халық жазушысы Мұхтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Massaget.kz тілшісі жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасады.

Бүгін Халық жазушысы Мұхтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Massaget.kz тілшісі жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасады.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Мағауин туралы

Реклама
Реклама

Мұхтар Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Баршатас ауылында дүниеге келген. Ол - жазушы, қазақ әдебиетін зерттеуші ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996).

1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы оның аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолын 1965 жылы бастады. "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі, 1967-1971 жылдары "Жазушы" баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істеген, Мәскеуде М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізген.

1983-1984 жылдары еркін шығармашылық қызметте, 1984-1986 жылдары "Жазушы" баспасының бас редакторы, 1987 жылы еркін шығармашылық қызметте, 1988 жылы "Жұлдыз" журналының бас редакторы болды.

magauin.com

"Менің бойымда Елтеріс, Естемилер, Күл-Тегіндер заманындағы көшпенділердің қаны бар!"
- "Көк мұнар", "Жазушы", 1972, 103-бет.

Шығармалары

  • 1960-1961 жылдары алғашқы әңгімелері жарық көреді: "Бір уыс бидай", "Тіленші", "Әйел махабатты", "Кешқұрым", "Жаңыл махаббаты".
  • 1961-1962 жылдары "Ер Тарғын" және қазақ эпосы" алғашқы зерттеу еңбегі жарық көрген.
  • 1968 жылы "Қобыз сарыны" әңгімесі.
  • 1969 жылы "Тазының өлімі" хикаяты.
  • 1969 жылы "Ақша қар" жинағы.
  • 1970 жылы "Алдаспан" антологиясы.
  • 1971 жылы "Көк мұнар" романы.
  • 1972-1973 жылдары "Архив хикаясы", "Иесіз" және басқа да әңгімелері жарық көрді.
  • 1973 жылы "Бір атаның балалары" хикаяты.
  • 1977 жылы "Өмір жыры", "Жыланды жаз" хикаяттары.
  • 1978 жылы "Көкбалақ" романы.
  • 1979 жылы "Жүйрік" хикаяты, "Ер Тарғын" жыры.
  • 1980-1982 жылдары "Аласапыран" тарихи роман-дилогиясы.
  • 1984 жылы "Шақан-Шері" романы.
  • 1987 жылы шығармаларының бес томдық жинағын әзірлеп, шығарды.
  • 1988-1990 жылдары "Алтын тіс", "Тәртіпті азамат", "Абақтыда өлген Уан атам", "Тассудан өткен қашқындар", "Әбдіғаппар сері" және басқа да әңгімелер.
  • 1990-1991 жылдары "Сары қазақ" романы.
  • 1993 жылы "Қазақ тарихының әліппесі".
  • 1996-1998 жылдары "Мен" мемуарлық дилогиясы.
  • 1997-1999 жылдары "Кұңфудзының даналық дәрістері" кітабы.
  • 1999 жылы "Шипалы Арасан" хикаяты.
  • 2000-2001 жылдары "Тамыздан соңғы әңгімелер", "Одағай әңгімелер" топтамалары.
  • 2001 жылы "Қисық ағаш", "Оңғақ" хикаяттары.
  • 2003 жылы "Әдепкі әңгімелер" топтамасы.
  • 2004 жылы "Қыпшақ аруы" романы, "Ұлтсыздану ұраны" толғауы.
  • 2005 жылы "Кесік бас - тірі тұлұп хикаяты" романы.
  • 2007 жылы "Жармақ" романы.
  • 2007-2008 жылдары "Әрқилы әңгімелер", "Талайсыз әңгімелер" топтамалары.
  • 2016-2017 жылдары "Естеліктер кітабы": "Ілияс аға Есенберлин", "Әбіш екеуіміз" және басқа жазбалар
  • 2018 жылы "Естеліктер кітабының" жаңа тараулары.
  • 2019 жылы Шығармаларының жиырма бес томдық толық жинағын баспаға әзірледі.
  • 2008-2015 жылдар аралығында "Шыңғыс хан және оның заманы" тарихи деректі тетралогиясын жазды.

"Маған қарсы адам - қазақ халқының жауы" - "Алтын дәптер", мамыр, 1972

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная