Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
16 апреля 2018 15:50

Бүгінге дейін Ахмет Байтұрсынұлының даусы сақталған аудиожазба табылған жоқ - Маман

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ахмет Байтұрсынұлы. © adebiportal.kz Ахмет Байтұрсынұлы. © adebiportal.kz

Әлеуметтік желілер арқылы Ахмет Байтұрсынұлының дауысы дейтұғын аудиожазба таралғалы біраз уақыт болды. Бұл аудиожазбаға берілетін қысқаша түсініктемеде "Ахмет Байтұрсынұлының өз дауысы және жақында Орынбор архивінен табылыпты" делінеді. WhatsApp мессенджері арқылы таралып жатқан бұл аудиожазбаға берілген мәліметке сеніп, таңғалып, өз ризашылықтары мен ой-пікірлерін білдіріп жатқандар бар. Кейін бұл аудиожазба Youtube видеохостингінде де орналастырылыпты.


Әлеуметтік желілер арқылы Ахмет Байтұрсынұлының дауысы дейтұғын аудиожазба таралғалы біраз уақыт болды. Бұл аудиожазбаға берілетін қысқаша түсініктемеде "Ахмет Байтұрсынұлының өз дауысы және жақында Орынбор архивінен табылыпты" делінеді. WhatsApp мессенджері арқылы таралып жатқан бұл аудиожазбаға берілген мәліметке сеніп, таңғалып, өз ризашылықтары мен ой-пікірлерін білдіріп жатқандар бар. Кейін бұл аудиожазба Youtube видеохостингінде де орналастырылыпты.


Ахмет Байтұрсынұлының жазбамен бірге таралып жүрген суреті. © ehistory.kazakh.ru

Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйінің директоры, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Райхан Имаханбетпен хабарласып, мән-жайды білді.

"Жазбаның қазіргі уақытта жазылғаны еш сараптамасыз-ақ білініп тұр. Хәкім Абайдың "Көп айтса, көнді, жұрт айтса, болды. Әдеті надан адамның..." дегеніндей ахуал орын алып тұр. Бұл Ахмет Байтұрсынұлының дауысы емес. Ахаңның досына жолдаған хаты негізінде өңделіп жазылған. Ал, бұл толғауды "Орынбор мұрағатынан табылды" деулері тіпті қисынсыз. Талай деректанушы ғалымдар, мен де мұрағатта болғанбыз. Сирек қорлардағы сарғайған құжаттарды зерттеп, зерделедік. Егер Орынбор мұрағатында хат сақталған болса, оның сканерленген немесе көшірмелік нұсқасын сол күні-ақ жариялар еді ғой", - дейді Райхан Сахыбекқызы.


Райхан Имаханбет. © facebook желісінен.

Мұражай директорының айтқанына сүйенсек, хат ретінде жазылған бұл өлең Ахмет Байтұрсынұлының замандасы Файзолла Сатыбалдыұлы және оның ұрпақтарының қолында (отбасылық жеке қорында) сақталып келген болуы керек.

"Бұл өлеңді БАҚ бетінде алғаш жариялаған Хамитбек Мұсабаев, ол кісіге рақмет. Алайда, суретке түсіріп жариялағанда, оның хат екенін көргеннен кейін, аудиожазбада Ахмет Байтұрсынұлының дауысы деген қаңқу сөздер шықпас па еді. Ал Хамитбек Мұсабаев осы өлең-хат арналып жазылған Құран қари, ақын Файзолла Сатыбалдыұлының жиені", - деп түсіндірді Райхан Имаханбет.


© Хамитбек Мұсабаевтың "Наркескен" жинағынан.

Мұражай директорының айтуынша, қазір бұл өлеңді орындап жүрген екі адам бар. WhatsApp мессенджері арқылы тарап жүргенін Абзал Алпысов орындайды. Ол осы өлеңге ән жазған жыршы Нағашыбек Алпысовтың ұлы екен.

"Екіншісі, Ахмет Байтұрсынұлының ауылының тумасы, суырып салма ақын Амангелді Сейітхан деген торғайлық жігіт. Айта кететіні, бұл аудиожазбаны естігендер "Ахмет Байтұрсынұлы 4 рет сотталған" деп, жаңсақ қабылдаулары мүмкін. Ал, негізі Ахмет ұлт мүддесі үшін күресінде 5 рет түрмеге түсіп, 2 рет жер аударылған", - дейді Райхан Имаханбет.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.32   490.7   4.78 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети