27 мая 2021 | 11:58

"Бұл оқиға расымен де болған". Вакцинадан кейін қол-аяғы құрысып қалған қыз туралы видео

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде аяқ-қолы вакцинадан кейін тырысып қалды делінген видео тараған еді. Осыған қатысты Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілерде аяқ-қолы вакцинадан кейін тырысып қалды делінген видео тараған еді. Осыған қатысты Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Табынбаев бұл оқиғаның расымен болғанын, алайда вакцинаға қатысының әлі белгісіз екенін мәлімдеді.

"Бұл оқиға расымен де болған. Ол Перинатология және балалар кардиохирургия орталығында акушер болып қызмет етеді, 5 ай бұрын жұмысқа тұрған, 29 сәуірде вакцина салдырған, құрысу симптоматикасы болған. Ол емханаға және кеше №7 ауруханаға барған және оқиға расталып отыр. Оған тиісті көмек көрсетіліп, үйге жіберілді", - деді Табынбаев.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, оқиғаның анық-қанығын тексеру мақсатында арнайы комиссия құрылды.

"Оқиғаның вакцинаға қаншалықты қатысы бары қазір тексеріліп жатыр, арнайы жұмыс комиссиясы құрылды. Ақпаратты, яғни жағдайдың вакцинаға қатысы бар ма, жоқ па зерттелгеннен кейін ғана тарату керек. Бұл оқиғада қызға жедел жәрдем көмек көрсетпеген делінді. Көрсеткіштер бар емес пе, егер ауруханаға апаруға тиісті көрсеткіштер болса науқас міндетті түрде жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіледі. Ал бұл оқиғада күмән болған, апару керек пе, жоқ па деген. Жедел медициналық көмектен кейін ол қызда ондай симптоматика болмаған, бірақ сақтық шарасы ретінде ауруханаға жеткізілген. Осыдан кейін ол үйіне қайтты және қазіргі таңда медицина қызметкерлерімен байланыста, менің ойымша, бұдан кейін ол қызда ондай асқынулар болмайды", - деді ол.

Табынбаевтың айтуына қарағанда, қыз жұмыс істейтін аурухананың басшылығы оны вакцина салуға мәжбүрлемеген.

"Біз ол қыз жұмыс істейтін аурухана басшылығымен сөйлестік, ешкім қысым көрсетіп, вакцина салдыртпаған. Десек те, менің ойымша, ол әйелдер босанатын перзентханада жұмыс істейтін болғандықтан дәрігер, адам ретінде бірінші кезекте вакцина салдыруы керек. Оның кесірінен босанған жас анаға да, балаға да қауіп төнбеуі керек. Менің жеке пікірім, әрине оны ешкім жұмыстан шығара алмайды, сот, кодекс бар, бірақ көндіріп, мәжбүрлеу керек, неге оның кесірінен ана мен бала зардап шегуі тиіс?" - деді Табынбаев.

Айта кетейік, бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде әлі де кеңінен тарап жатыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная