25 сентября 2020 | 15:57

Бюрабекованың үстінен қылмыстық іс қозғала ма? Министрлік жауап берді

Даурен Ерболат Журналист
Людмила Бюрабекова. Фото: Tengrinews.kz

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекованың үстінен қылмыстық іс қозғалады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекованың үстінен қылмыстық іс қозғалады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіздің белсенді әріптестеріңіз ол кісінің үстінен (Людмила Бюрабекованың - авт. еск.) қылмыстық із қозғалуы мүмкін деп ақпарат таратыпты. Ол қаншалықты рас?", - деп журналистердің бірі министрліктің ресми өкіліне сауал жолдады.

Реклама
Реклама

"Бұл ақпаратты жоққа шығарғым келіп тұр. Себебі, кеше және бүгін Людмила Бюрабековамен сөйлестім. Мен ешқандай қылмыстық іс немесе басқа да бір жағымсыз істер жоқ екенін дәлелдеп беруге дайынмын", - дейді Бағдат Қожахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, 23 қыркүйекте Үкімет қаулысымен денсаулық сақтау министрінің орынбасары Людмила Бюрабекова қызметінен босатылған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная