20 августа 2021 | 15:26

Біз "Талибанды" мойындамадық - сыртқы істер вице-министрі

Фото: Reuters

Қазақстан "Талибан" радикал қозғалысын (Қазақстанда тыйым салынған) мойындаған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан "Талибан" радикал қозғалысын (Қазақстанда тыйым салынған) мойындаған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы сырт істер вице-министрі Ақан Рахметуллин ОКҚ-дағы онлайн-брифинг мәлімдеді. 

"Біз "Талибанды" мойындамадық. Өздеріңіз білетіндей, кеше Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы жағдай бойынша ресми мәлімдеме жасады - біз бұл елдегі жағдайды мұқият бақылауды жалғастырамыз, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің инклюзив және репрезентатив үкімет құру, ұлттық азшылықтар мен әйелдер құқығын құрметтеу және басқа мемлекеттерге қауіп төндіретін топтар болуына жол бермеу, халықаралық құқықты сақтау туралы мәлімдемесін құптаймыз. Бұл ережелердің орындалуы Ауғанстанның жаңа үкіметімен диалогты бастаудың шарты болуы керек", - деді вице-министр. 

Реклама
Реклама

Оның сөзінше, қазір барлық мемлекет "Талибанмен" диалогқа шықпаған, жағдайды бақылап қана отыр.

"Ауғанстан азаматтары мемлекеттік және қоғамдық құрылымның ең оңтайлы моделін анықтауы керек. Қазір ешбір ел тәліптерді мойындады немесе дипломатиялық қарым-қатынас орнатты деп айта алмаймыз - бәрі "Талибан" әрекеттері мәлімдемелеріне қаншалықты сәйкес келетінін және қалай келіссөздер жүргізетінін бақылап отыр", - деді Рахметуллин. 

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Ауғанстандағы жағдай қалай өрбитінін мұқият қадағалап отырғанын мәлімдеген еді. Ведомство Ауғанстанның жаңа билігімен диалогты бастау үшін қажетті шарттарды атаған болатын. 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная