ПОДЕЛИТЬСЯ
22 апреля 2020 | 16:50
COVID-19 жұқтырған Надыров бірнеше өңірге жұмыс сапарымен барған
Коронавирус жұқтырған Камалжан Надыров еліміздің бірнеше өңіріне жұмыс сапарымен барған. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Коронавирус жұқтырған Камалжан Надыров еліміздің бірнеше өңіріне жұмыс сапарымен барған. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Надыров жұмыс сапарымен Қарағанды облысы, кейін Жамбыл облысына барған. Кейін Алматы облысында болған. Артынша бір күнге Алматы қаласына келген. Қазір дәл осы алгоритм бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің барлық қызметкері, онымен байланыста болғандардың бәрі тест тапсырды, бірақ оның қорытындысы алдағы уақытта шығады", - деді Бекшин.
Еске салайық, Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған Камалжан Надыровтан бүгін коронавирус инфекциясы анықталған еді.
"Кеше Үкімет қаулысымен Камалжан Талғатұлы Надыров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды. Алматы қаласында коронавирустық инфекция кеңінен тарап, жағдай қиындаған соң Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қазіргі басшысы Тілеухан Шілдебайұлы Әбілдаев отставкаға кету туралы өтініш білдірген болатын. Қаладағы команданы күшейту мақсатында басқарма басшысы лауазымына К.Т. Надыровты тағайындау жоспарланған еді. Алайда, кеше кешкісін К.Т. Надыровқа коронавирустық инфекция жұқтырған деген диагноз қойылды, қазір ол емделу үшін ауруханаға жатты", - деп жазған министр.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также