10 июня 2021 | 14:02

COVID-19 жұқтырғандар арасында қандай ауруы бар адам көп? Министрлік жауабы

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
Фото: Reuters

Әлеуметтік желілерде елімізде коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігі қант диабетіне шалдыққандар деген ақпарат тараған болатын. Алайда Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілерде елімізде коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігі қант диабетіне шалдыққандар деген ақпарат тараған болатын. Алайда Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлнар Сәрсенбаеваның айтуынша, коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігінде қанайналым жүйесінің аурулары болған.

"2021 жылғы 1 қаңтар мен 1 маусым аралығындағы жедел деректер бойынша ("стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі" ақпараттық жүйесінен), коронавирус инфекциясынан емделіп шыққандардың саны - 125 618. Олардың ішінде созылмалы аурулары басым - қанайналым жүйесінің аурулары (28 038 адам). Одан кейінгі орында - тыныс ағзаларының аурулары (9 689 адам), эндокриндік жүйе аурулары, тамақтану мен зат алмасуының бұзылулары (7 944 адам) және асқорыту ағзаларының аурулары (2 081 адам) тұр", - деді Сәрсенбаева.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін Гүлнар Сәрсенбаева коронавирус пен қан тобының байланысы және вакцинаның жүкті болуға әсері туралы айтқан болатын.

Созылмалы ауруы бар адамдарға да вакцина салуға болады - маман


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная