COVID-19 жұқтырғандардың өсімі 7 пайыздан асқан өңірлер аталды

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Тұрар Қазанғапов

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев еліміздегі бес облыста коронавирус індетін жұқтырғандардың өсімі 7 пайыздан асып тұрғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев еліміздегі бес облыста коронавирус індетін жұқтырғандардың өсімі 7 пайыздан асып тұрғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұлтанғазиевтің айтуынша, еліміздегі көптеген облыста ауру жұқтырғандардың өсімі 7 пайыздан асып тұр. Маман ауру өсіміне байланысты аймақтардың үш топқа бөлінгенін атап өтті.

"Аймақтар бойынша коронавирус жағдайының тіркелуіне байланысты үш топқа бөлдік. Аурудың өсімі 7 пайыздан асқан аймақтар көп. Олар: Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Қостанай облысы, Түркістан облысы, Жамбыл облысы. Екінші топта COVID-19 бойынша ауру жағдайы 7 пайыздан төмен аймақтар. Бұл топта алты аймақ бар: Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Қарағанды облысы, Алматы қаласы және Нұр-Сұлтан қаласы. Осы 7 күнде (11-17 мамырда) 553 жағдай тіркелді. Үшінші топта ауру өсімі 5 пайыздан төмен аймақтар бар. Бұлар: ШҚО, Қызылорда және Маңғыстау облыстары", - деді комитет төрағасы ДСМ медиаорталығында өткен онлайн-брифингте.

Реклама
Реклама

Сұлтанғазиев карантин шараларының жеңілдеуіне байланысты рейд бақылаулары күшейгенін атап өтті. 

Еске салайық, елімізде коронавирусқа байланысты енгізілген шектеулер біртіндеп алына бастады. 18 мамырдан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан және бірқатар басқа қалада қандай нысандар жұмысын бастағаны айтылды.

Соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 6 440 адамға жетті. Індет жұқтырған аурудан 3256 науқас жазылды, 32 науқас адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Вопрос от автора
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама