26 июня 2020 | 09:53

COVID-19: Қазақстанда 15 мыңға жуық симптомсыз науқас бар

Даурен Ерболат Журналист
Фото: elements.envato.com

Қазақстанда симптомсыз науқастар саны 15 мыңға жуық, оның 12 мыңнан астамы дәрігерлердің бақылауында. Бұл туралы "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Махаббат Бекбосынова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда симптомсыз науқастар саны 15 мыңға жуық, оның 12 мыңнан астамы дәрігерлердің бақылауында. Бұл туралы "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Махаббат Бекбосынова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, елімізде коронавирус жұқтырған, алайда індеттің белгісі жоқ науқастар да тіркеліп жатыр.

Реклама
Реклама

"Қазіргі таңда біз симптомсыз науқастардың статистикасын жүргізіп отырмыз. Бүгінде 15 мыңға жуық адам аурудың симптомсыз формасымен және шамамен 2 мың науқас аурудың жеңіл түрімен ауруды өткеріп жатыр. Қазіргі таңда бақылаудағы симптомсыз науқастардың саны 12 мыңнан асады. Мұндай талдауды күн сайын жүргізіп жатырмыз. Тиісті ақпарат күнде еліміздің барлық медициналық амбулаториялық мекемесіне түсіп жатыр", - деді дәрігер орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Қазақстанда жалпы 19 750 адам COVID-19 жұқтырды. 12 220 науқас айықты, 140 адам қайтыс болды. 

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған, бірақ аурудың белгісі жоқ 883 науқас тіркелді


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная