СКАЧИВАЙТЕ НОВОЕ ПРИЛОЖЕНИЕ TENGRINEWS
21 октября 2020 | 11:31

Дәленов алдағы 5 жылда Қазақстан экономикасы қалай дамитынын айтты

Даурен Ерболат Журналист
Фото: ©Tengrinews.kz

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов алдағы 5 жылда Қазақстан экономикасы қалай дамитынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов алдағы 5 жылда Қазақстан экономикасы қалай дамитынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы талқыға салынды. Дәленов алдағы жылдары отандық экономика қалай дамитынына қатысты болжамды ұсынды.

Реклама
Реклама

"Сіздердің қарауларыңызға 2025 жылға арналған нақтыланған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы енгізіліп отыр. Болжамды нақтылаудың негізгі факторлары мыналар болып саналады: Бұл - 2019 жылғы жалпы ішкі өнім бойынша өзектендірілген есептік деректер, жыл басынан бергі жедел деректер, мұнай өндірудің жоспарын түзету, сондай-ақ әлемдік нарықтағы мұнайдың бағалануы. Яғни 2019 жылғы өзектендірілген жалпы ішкі өнім көлемі 0,9 триллион теңгеге артып, 69,5 триллион теңге болды Бұл осы жылғы болжамды есептеу базасын ұлғайтты", - деді министр.

Сонымен қатар, ол болжамда экономиканың нақты секторындағы, қызмет көрсету саласындағы үрдістері мен мұнай бағасының конъюнктурасы ескерілгенін атап өтті.

"Әлемдік экономика өсімі халықаралық ұйымдардың консенсус-болжамы бойынша осы жылы минус 5 пайыз болды, ал 2021 жылы экономика өсімі күтіліп отыр. Халықаралық ұйымдар Қазақстан экономикасының нақты өсімін осы жылы минус 2,3 пайыздан минус 2 пайызға аралығында бағалайды. Олар келесі жылға тұрақты өсімді болжайды. Экономика секторларының қазіргі үрдістерін ескере отырып, біздің бағалауымыз бойынша 2020 жылғы нақты жалпы ішкі өнімнің өсімі минус 2,1 пайыз болады", - деді Дәленов.

Оның айтуынша, 2020 жылы номинал жалпы ішкі өнім 69,8 триллион теңге көлемінде бағаланып отыр.

"Ол бұрын нақтыланған көрсеткіштен 102 миллиард теңгеге жоғары. Бұл 2019 жылғы базалық көрсеткіштердің өсуімен байланысты. Экономикадағы нақты сектор салалары бойынша өсу болжамы жақсарды. Құрылыстың 6,5 пайызға, ауыл шаруашылығы 4,9 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 3,7 пайызға өседі деп болжанып отыр. Бұл ретте, шектеу шараларының салдарынан қызмет секторларының өсу қарқыны төмендеді", - деді ол.

Сондай-ақ, Руслан Дәленов мұнайдың болжамды бағасына тоқталды.

"Мұнайдың есептік бағасын ескере отырып, болжамдық бағаны 20 доллардан 40 долларға дейін арттыру ұсынылады. Қаңтар-қыркүйекте мұнайдың орташа бағасы бір баррель үшін 42 доллар болды. Нақтыланған жоспар бойынша мұнай өндіру көлемі 85 миллион тонна болады", - деді министр.

Оның айтуынша, алдағы жылдары еліміздегі тауарлар экспорты 45,5 миллиард долларға дейін артады, ал импорт 33,8 миллиард доллар болады.

"Осылайша, оң сауда теңгерімі 3,2 миллиард долларға ұлғайып, 11,7 миллиард доллар көлемінде болжанып отыр", - деді ол.

Министр түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде 2020 жылға арналған республикалық бюджет параметрлерінің болжамы нақтыланғанын атап өтті.

"Республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 2020 жылы 6 539 миллиард теңге көлемінде бағаланып отыр. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт өзгермейді және 4 770 миллиард теңге көлемінде сақталады. Республикалық бюджет шығыстары бекітілген көлемге қарағанда 205 миллиард теңгеге ұлғайып, 14 475 миллиард теңге көлемінде болжанып отыр. Бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге қатысты 3,5 пайыз деңгейінде сақталады. Ұсынылып отырған параметрлер республикалық бюджеттің тұрақтылығын қамтамасыз етеді", - деп түйіндеді сөзін Дәленов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от автора
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная