ПОДЕЛИТЬСЯ
17 февраля 2021 | 17:11
Дәрігер ауырған адамда коронавирус белгілері 2 жылға дейін сақталатынын айтты
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ішкі аурулар кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Сәуле Қасенова коронавирус жұқтырғандарда жазылып шыққан соң аурудың белгілері 2 жылға дейін сақталуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өкінішке қарай, коронавирус жұқтырып, ауырып, жазылған науқастардың 20 пайызында аурудың белгілері ұзақ уақыт сақталады. Олар бізге хабарласып, қаншалық ұзақ болатынын сұрайды. Ковидтен кейін аурудың белгілері 3 айға дейін, ал қатты ауырған науқастарда 2 жылға дейін сақталуы мүмкін. Коронавирус жұқтырғандардың арасында ең көп тараған белгі - жөтелдің тоқтамауы. Дем ала алмай, өкпе қысылады. Біреудің басы ауырса, біреудің жүрегі ауырады. Кейбірінің ұйқысы бұзылады, біреуі есте сақтау қабілетінің нашарлағанын айтады. Сондықтан тұрғындар коронавирустан кейін түрлі белгілер қалуы мүмкін екенін білу керек. Ковидтен кейін ауруларды емделеді, тек адам өздігінен емделмеу керек", - деді Сәуле Қасенова ОКҚ онлайн-брифингте.
Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 204 055-ке жетті. 187 545 науқас жазылды, 2540 адам қайтыс болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также