ПОДЕЛИТЬСЯ
25 июня 2019 | 12:49
Дәрігер болғым келеді - ҰБТ-дан 140 балл жинаған сарыағаштық түлек
Ұлттық бірыңғай тестілеуден әзірше ең жоғары баллды Түркістан облысы Сарыағаш ауданында Қасымжан Жұбай алды. Ол ҰБТ-дан 140 балл жинап алтын белгісін қорғап шықты. 2019 жылғы түлек биология және химия пәндерін таңдаған. Енді медицина факультетіне оқуға түскісі келеді екен. Tengrinews.kz тілшісі Қасымжан Жұбаймен әңгімелесті.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық бірыңғай тестілеуден әзірше ең жоғары баллды Түркістан облысы Сарыағаш ауданында Қасымжан Жұбай алды. Ол ҰБТ-дан 140 балл жинап алтын белгісін қорғап шықты. 2019 жылғы түлек биология және химия пәндерін таңдаған. Енді медицина факультетіне оқуға түскісі келеді екен. Tengrinews.kz тілшісі Қасымжан Жұбаймен әңгімелесті.
Анасымен
Қасымжан - Сарыағаш тумасы, Бейімбет Майлин атындағы № 37 орта мектебін тәмамдап отыр. Ол тестілеуге дайындықты 10-сыныптан бастаған.
"9-сыныптан бастап биология, химия пәндерін бейінді оқи бастадым. ҰБТ-да мақсатым 140 балл жинау болды. Қорыққаным жоқ. Мен үшін барлық пән бірдей жеңіл болды. Әсіресе Қазақстан тарихы, себебі анашым мектепте осы пәннен сабақ береді. Жақсы дайындалдым. Тестілеуде соңына дейін отырдым, жауаптарымды қайтара тексеріп үлгермедім. Сұрақтардың барлығы мектеп оқулығынан келді. Тестілеуден кем дегенде 135 балл жинаймын деп ойладым, нақты қанша екенін білмедім. Үйге келген соң есімде қалған, күмәнданған сұрақтарды кітаптан қарадым", - дейді ол.
Қасымжан Жұбайдың отбасында үш адам тұрады екен. Анасы, інісі және өзі. 9 жасында әкесі қайтыс болған. Ендігі Қасымжанның мақсаты Алматыға оқуға түсу.
"С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне түскім келеді, жалпы медицинаға. Нақты қай бағыт екенін оқу барысына қарай кейін таңдаймын", - дейді түлек.
Оның айтуынша, тестілеуге дайындық уақытында спортпен айналысқан өте пайдалы. Өзі дзюдоға қатысқан екен және шахматтан Сарыағаш ауданы бойынша жүлделі болыпты.
"Тек оқу керек. Мақсатың айқын болсын. Ата-ананың үмітін ақтауға тырысу қажет. Тек жақсы ойлап, адамдардың ризашылығын алған қандай керемет. Дайындық барасында спортпен айналыссаң, миға көмектеседі. Өзім футболды жақсы көремін. Дұрыс, пайдалы тағамдарды да жеу керек", - деген ол "Реал Мадрид" командасының жанкүйері екенін айтты.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также