13 декабря 2021 | 14:50

"Дәрігерлер оның үш ай ғана уақыты қалды деді"

Алматылық 23 жастағы Диана Райқұлова қазір ауыр дертпен күресіп жатыр. Жүрегі мен өкпесін ауыстыру қажет. Ал оған қомақты қаражат керек. Tengrinews.kz тілшісі Диананың анасы Мая Төлегеновамен сөйлесіп, қызының жағдайын білді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматылық 23 жастағы Диана Райқұлова қазір ауыр дертпен күресіп жатыр. Жүрегі мен өкпесін ауыстыру қажет. Ал оған қомақты қаражат керек. Tengrinews.kz тілшісі Диананың анасы Мая Төлегеновамен сөйлесіп, қызының жағдайын білді.

Диана қарапайым отбасынан шыққан. Анасы дүкенде көмекші болып жұмыс істейді. Анасының айтуынша, Диана тез шаршап қалатыны, жүгіре алмайтыны оқуға түскен соң біліне бастаған. Сол кезде оған анемия деген диагноз қойылған.

"Оқу бітірген соң Диана дүкенде көмекші болып жұмыс істеді. Өзінің хоббиі болған соң модель өнерін де өзін байқап көрмек еді. Сол кездерде қызым тез шаршап қала беретінін айтты, жиі жөтеле бастады. Бұл былтыр болған, пандемия енді басталып жатқан кез. Дәрігерлерге апардық, өкпесінің 45 пайызы зақымданғанын айтты. ПТР тест тапсырттық, коронавирус емес екен", - дейді анасы Мая Төлегенова. 

Реклама
Реклама

Диана Райқұлова

Кейін Диананың жағдайы нашарлап, қан құса бастаған. 

"Қызымды туберкулез бөліміне дейін тексерттік. Өкпесі құрыған, туберкулез бөліміне жатқызыңыздар деп едім, дәрігерлер қатты науқастар арасына қалай жатқызамыз деді. Сөйтіп, антибиотиктер беріп, үйде емдедік. Биыл жазда қызымның беті қатты ісіп кетті. Бірден дәрігерге алып бардық, қызым бес қадам жүреді де, шаршап қалады. Дәрігерлер "Диананың жүрегін УДЗ-ге түсіріңіздер, маған жүрегі ұнамай тұр" деді. Түсірдік, нақты диагноз қойылмады, бірақ жағдайы қиын екенін, Нұр-Сұлтанға апару керегін айтты", - деді ол. 

Мая Төлегенова, Диана Райқұлованың анасы. © Tengrinews.kz

Сөйтіп, анасы қызын елордадағы кардиология институтына алып барған. Дәрігерлер сонда Мая Төлегеноваға жаман хабар жеткізіпті. 

"Қызыңыздың үш ай ғана уақыты қалған, сырқатын асқындырып алыпсыздар. Өкпесі қатты ісіп кеткен, дұрыс демала алмағандықтан, жүрекке салмақ түскен, сондықтан жүрек орнынан қозғалып кеткен. Бір қалпақшасы жабылық қалған, бір қалпақшасының ғана кішкентай жері ашық тұр. Жүрегі мен өкпесіне трансплантация жасау керек", - депті дәрігерлер.

Сол кезде Дианаға төртінші дәрежедегі өкпе гипертензиясы диагнозы қойылды. 

"Сол күннен бері өміріміз астан-кестен болды. Бірден қор ашып, ақша жинай бастадық. Төреғали Төреәлі, блогерлер көмектесті, үш күнде 10 миллион теңге жиналды. Мұндай сырқатқа тап болғандар Үндістанда өкпе мен жүрекке трансплантация жасайтынын айтты. Жиналған ақшаны алдық та, қарашаның басында Үндістандағы Ченнаи деген қалаға бардық", - дейді анасы. 

Үндістандағы тексеріс кезінде

Ал үндістандық дәрігерлер мұндай диагнозбен бұрын да кездескенін айтып, анасына қызын емдеп беруге уәде еткен. 

"Уайымдамаңыз, қызыңызда инфекция жоқ, ол жазылып кетеді, жазылуы 90 пайыз дей аламын. Диананың жүрегі мен өкпесіне трансплантация керек. Үш ай уақыты қалды дегенді ұмытыңыздар", - депті үндістандық дәрігерлер. 

Мая Төлегенова қызымен Үндістанда

Мая Төлегенованың айтуынша, мұндай күрделі отаның бағасы 120 мың доллар екен. Бұл отаға берілетін қаражат. Диана отадан кейін тағы екі ай емделуі керек, оған төленетін ақша бөлек. 

Бірақ басында жиналған қаражат бітуге жақындаған соң отбасы елге оралған.

"Қызым қазір Алматыда. Аллаға шүкір, жақсы. Дәрілерін уақытында ішеді. Күліп-ойнап жүр, бізге ештеңе білдірмейді. Дәрігерлерге "Жүрегі мен өкпесін қалай ауыстырамыз, күліп-ойнап жүр ғой" деймін. Сонда олар "Қызыңызды жалғыз қалдырмаңыздар. Жүрегі кішкентай ғана ашық тұр. Ойнап-күліп жүреді де, ана өмірге кетіп қалады" деп жауап берді", - дейді Диананың анасы. 

Қарашаның аяқ жағында елге келе салып, отбасы Диананың күрделі отасы үшін ақша жинай бастаған. 

"Шынымды айтсам, қазір күнім қалай өтіп жатқанын білмеймін. Не істерімді білмеймін. Басқа да балаларым бар, бірінің аяғына аяқ киім сатып алып бере алмаймын. Бар ойым - Диананың жанын аман алып қалу. Не дұрыс, не бұрыс емес - ештеңе білмеймін. Күнде таң атпай қызымның қасына барып, ол тірі екенін білу - бақыт. Жаным қиналады, амалым қалмады. Бар сенерім - қазақстандықтар. Олар көмектеспесе, Үндістанға барып келе алмас едік. Қазақ халқы тағы көмектесіп, қызымды емдей аламын деп сенемін. Қызым да соған сенеді", - дейді ол. 

Отбасының он жылдан бері салып жатқан үйі бар екен. Соны сатылымға қойған. Одан бөлек, үлкен қызы Мөлдірдің есепшотына ақша жинап жатыр.  

"Өзім дәрігер аралап жүрген соң, ақшаны үлкен қызымның есепшотына жинап жатырмыз. Жаман айтпай жақсы жоқ, бәрі Алланың қолында. Желіде қор ашып, ақша жинап жатқан кезде бір адам "Менің де сіңлім осы аурудан қайтыс болып кетті" деп жазыпты. Осындай нәселерді оқып алып, жанымды қоярға жер таппаймын", - дейді ана көзіне жас алып. 

Қазір отбасының жиналған 10 миллион теңгедей қаражаты бар, әлі 35 миллион қажет. Сол қажарат жиналса, Үндістанға ұшып кетуге дайын жүр. Сол жақта жүрек пен өкпе донорын табу үшін кезекке тұрып қойған. Жүрек те, өкпе де бір донордан алынуы қажет. Үндістандағы дәрігерлер ақша табылса, тез арада донор табу үшін әрекетке көшеміз деген екен. 

Көмектесемін деушілерге реквизиттер:

Мөлдір Райқұлова:
8 707 168 30 00

5169 4971 5557 0835 (Kaspi Gold)
4405 6398 1763 3438 (Halyk Bank)
4263 4333 3920 2910 (Сбербанк)


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная