07 декабря 2020 | 12:17

Демалыстағы error. Ақпараттық қауіпсіздік комитеті қазақстандықтардан кешірім сұрады

Даурен Ерболат Журналист
Фото: pixabay.com

ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов интернетте 6 желтоқсанда болған қолайсыздақтар үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов интернетте 6 желтоқсанда болған қолайсыздақтар үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеше, 6 желтоқсанда елордада "Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан 2020" жаттығуы өткен болатын. Астаналықтар Facebook, Youtube қосымшасы мен басқа да сайттарға кіре алмаған еді.

Реклама
Реклама

Руслан Әбдіқалықов оқу-жаттығуда неге қауіпсіздік сертификаты пайданылғанын түсіндірді.

"Пандемия кезінде шындыққа жанаспайтын ақпарат көбейді. Олар әлеуметтік желіде тарады... Мемлекеттік органдардың басты мақсаты - қауіпті анықтап, оның таралмауына жол бермеу. Олар нақты шектеу қойғаны жөн. Алайда интернеттің штатты режимде жұмыс істеуіне кедергі келтірмеу қажет. Осы мақсатта қауіпсіздік сертификаты пайдаланылады. Сертификаттан бас тарту - техникалық түрде шетелдік интернет ресурстардың жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейді", - дейді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жыл басынан бері елімізде ақпарат саласындағы құзырлы орган меншік иесі өзі болып саналатын және шетелдік интернет-ресурстарға заңға қайшы келетін олқылықтарды жоюға кеңес берген.

"Заңға қайшы келетін 23 мыңнан аса материалға қатысты тиісті шешім қабылдап, оны жою үшін 7 мыңнан аса хат жіберілді. Алайда қазіргі таңда бұл талаптың 30 пайызы немесе 7 мың материалға қатысты шара қолданылды. 23 мың материалдың басым бөлігі, яғни 21 мыңы - терроризм, этникалық терроризм идеологиясын насихаттайтын ақпарат, 371 материал - порнография, суицид және қатыгездікті дәріптейтін ақпарат, 137 материал - есірткіні насихаттайтын ақпарат болып саналады", - дейді комитет төрағасы.

Руслан Әбдіқалықов биыл Қазақстанда 3,5 мыңнан аса материалға шектеу қойылғанын атап өтті.

"Оның ішінде 2 666 материал порнография, суицидті насихаттайтын материалға қатысты. Ал 722 материал - есірткіні тарату және насихаттау, 318 материал ойын бизнесі туралы заңды бұзу, 186 материал терроризм, діни, этникалық экстремизмді насихаттау, 29 материал жалған ақпаратты таратуға байланысты болды", - дейді ол.

Сонымен қатар, комитет төрағасы жыл басынан бері соттың шешімімен елімізде қолданушылар үшін заңға қайшы келетін 32 материалға шектеу қойылғанын жеткізді.

"Оның ішінде 8 материал терроризмді насихаттау, 7 материал есірткі заттарын қолдану, 6 материал ойын бизнесі туралы заңды бұзу, 5 материал оқ-дәрі, қару мен жарылғыш заттарды насихайттау, 4 материал порнографияны дәріптеу, 2 материал авторлық құқыққа қатысты", - дейді Әбдіхалықов.

Сонымен қатар, ол қазақстандықтардан кешірім сұрады.

"Біз оқу-жаттығу барысында азаматтарға қолайсыздық тудырмау жағын барынша ойладық. Біз кешірім сұраймыз! Себебі, белгілі бір деңгейде қолайсыздық туындады. Бұл шетелдік интернет-ресустардың жұмысына әсер етті. Неге біз оқу-жаттығуды демалыс күні өткіздік? Бұл адам демалатын күн ғой", - дейді төраға.

Әбдіхалықов қазіргі таңда қауіпсіздік сертификатын пайдалануға қатысты іс-шаралар аяқталғанын айтты.

"Енді тек кибержаттығу фазасын аяқтау қалды. Ол мемлекеттік органдардың кибершабуылға төтеп беруімен байланысты. Біз бұл жаттығу азаматтарға әсер етпейді деген ойдамыз. Әрине, мемлекеттік органға (кибер - автор) шабуыл жасалмаса. Қалған жағдай азаматтарға қатысты мәселе туындамауы керек. Тағы қайталап айтамын, бұл жаттығу жоспарлы түрде демалыс күні жүргізілді. Ол 2017 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ол "Қазақстанның киберқалқаны" тұжырымдамасын қабылдаумен байланысты. Осы жылы ауқымды іс-шараны жүргізіп отырмыз. Мұндай жағдай еліміздің тарихында бірінші рет болып отырған шығар. Оған көптеген мемлекеттік орган қатысты", - дейді ол.

Сөз соңында комитет төрағасы қауіпсіздік сертификатын орнатудың керегі жоғын да атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная