ПОДЕЛИТЬСЯ
21 апреля 2021 | 10:43
Депутат мұғалім мен дәрігерден өзге қызметкердің де жалақысын көтеруді ұсынды
Қазақстанда әлеуметтік саланың көмекші және техникалық қызметкерлерінің жалақысын көтеру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда әлеуметтік саланың көмекші және техникалық қызметкерлерінің жалақысын көтеру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мұндай сауалды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мақсат Раманқұлов ұсынды. Депутаттың айтуынша, елімізде кейінгі жылдары тек мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын көтеру мәселесі ғана айтылып келеді.
"Пандемия кезінде "педагог мәртебесі туралы" заң қабылданып, дәрігерлерге қосымша төлемдер енгізілді. Жыл сайын мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы 20-30 пайызға артып келеді, мұның бәрі өте орынды, біз ризашылығымызды білдіреміз және осындай көзқарасты әрдайым қолдаймыз. Алайда, осы секторлардың қатардағы қызметкерлері, яғни санитарлар, ассистенттер, еден жуушылар, жедел жәрдем жүргізушілері, мұражай, өнер, мектеп, балабақша, кітапхана, мұрағат саласындағы өзге де қызметкерлер олардың әріптестері үшін мемлекет жыл сайын жалақыны көбейтсе, ал сол салалардағы техникалық қызметкерлердің жалақысы көптеген жыл бойы өзгеріссіз қалады деген шағымдармен жиі жүгінеді", - деді ол Мәжіліс отырысында.
Раманқұловтың сөзіне қарағанда, еліміздегі әлеуметтік саланың көмекші және техникалық қызметкерлерінің орташа жалақысы 50-70 мың теңге аралығында.
"Мәселен, біз бүгінгі күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасы туралы жиі айтамыз және осы бағытта ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл қызметтегі негізгі жүктеме мұрағат, мұражай және кітапхана қызметкерлеріне, тарихшыларға, өнертанушыларға және басқа да мамандарға жүктеледі. Сонымен қатар, осы саладағы орта буын қызметкерлерінің жоғары білімі бар қызметкерлердің орташа жалақысы шамамен 60 мың теңгені құрайды. Жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысы шамамен 70-75 мың теңге және бес жылдан аса уақыт бойы көтерілген жоқ, мектептер мен балабақшалардың техникалық қызметкерлерінің жалақысы - шамамен 50 мың теңге", - деді депутат.
Осыған байланысты Раманқұлов Қазақстанда әлеуметтік саланың көмекші және техникалық қызметкерлерінің жалақысын көтеруді Ақжол фракция депуттатарының атынан ұсынды.
"Неліктен біздің осы саладағы мамандарымыз қиналуы керек, олардың да көптеген проблемасы бар емес пе, олар да біздің мемлекетіміздің азаматтары ғой?! Менің білуімше, осы азаматтардың 90 пайызының шағын несиелері бар, қарызға белшесінен батқан, шығармашылық туындыларын шығаруға қаражаты жоқ, Үкімет тарапынан нақты көмек те жоқ", - деді депутат.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также