16 июня 2021 | 12:17

Депутат ҰБТ-ны қайта тапсыру мәселесін шұғыл шешуді сұрады

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев Білім министрлігіне қайта тестілеуді қысқа уақыт ішінде ұйымдастыруды тапсыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев Білім министрлігіне қайта тестілеуді қысқа уақыт ішінде ұйымдастыруды тапсыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Депутат биыл мектеп түлектері ҰБТ-ны жаңа форматта тапсырып жатқанын, бейнекамераларды орнату және "прокторинг" жүйесінің арқасында Білім министрлігі тестілеуді ашық түрде өткізіп жатқанын атап өтті.

"Сонымен қатар, биыл түлектер қажет болған жағдайда тестті қайта тапсыруға мүмкіндік алды. Мұның бәрі жақсы және дұрыс шаралар, бірақ ата-аналар ҰБТ-ны қайта тапсыру мерзімінің белгісіздігіне байланысты депутаттарға жүгінді. Белгілі болғандай, бұл мерзім норматив түрде анықталмаған, бірақ ауызша тамыздың соңы деп аталды. Осыған байланысты, өткен оқу жылы қашықтан оқыту және осыған байланысты стресстік жағдай түлектер көрсеткіштерінің нашарлауына ықпал еткенін атап өткен жөн", - дейді депутат. 

Реклама
Реклама

Ерубаевтың сөзінше, тек 15 маусымдағы тестілеуде 160 мыңға жуық оқушының 60 мыңнан астамы немесе 40 пайызы шекті еңсере алмаған, ал 1200-ге жуық түлек тестілеуге мүлдем жіберілмеген.

"Өткен жылдардың статистикасын бәріміз білеміз, қанша түлек стресске төтеп бере алмай, төтенше шараларға барды. Иә, кейбір баланың таланттарын көпшілік жүре бара байқайды. Алысқа бармай-ақ, өз мақтанышымыз Димаш Құдайберген де соған айқын дәлел. Сондықтан біздің түлектеріміздің алдында есік жабудың қажеті жоқ. Олардың арасында болашақ жетекшілер, таланттар, не жай лайықты азаматтар шығуы мүмкін.

Осылайша, біз ҰБТ-ны қайта тапсырудың кешіктірілуі ештеңемен негізделмеген және ол айқын тәуекелдерге алып келеді деп есептейміз. Осыған байланысты, құрметті Ералы Лұқпанұлы, сізден шұғыл түрде Білім министрлігіне қайта тестілеуді қысқа уақыт ішінде  ұйымдастыруды және осы мәселені жеке бақылауға алуды тапсыруыңызды сұраймыз", - деді Ерубаев.  

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная