Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
06 сентября 2019 12:17

"Дипломның сатылатынын айтар ма еді?". Мәжіліс депутаты ЖОО-ларды сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: tengrinews.kz Иллюстрациялық фото: tengrinews.kz

Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай Қазақстандағы жоғары оқу орындарының деңгейін сынға алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай Қазақстандағы жоғары оқу орындарының деңгейін сынға алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Депутаттың сөзінше, жоғары оқу орындарының жабылу-жабылмау мәселесін көтеру керек. Себебі мұны жауапты министрліктен бұрын уақыт талап етіп отыр деп санайды.

"Оны Президент өз Жолдауында халыққа анық ұқтырды. Әйтпесе, жоғары оқу орындарының жартысы ғана түлектерінің тек 60 пайызы жұмысқа ілігетінін, дипломның сатылатынын айтар ма еді?..", - дейді ол. 

Дархан Мыңбай бұл проблеманы Мемлекет басшысының бөле-жара қозғауы - жастарды бәсекеге қабілетті етіп тәрбилеудегі, кәсіби мамандарды даярлау ісіндегі сабақтастыққа аса мән бергенін көрсететінін айтады.


Дархан Мыңбай

Сонымен қатар, ол ЖОО-лардың рейтингін министрлік айқындамауы керек деп есептейді. 

"Білім сапасын көтеру мақсатында оқу орындарын қысқарту келте шешім болмас үшін ата-аналардың, азаматтардың, жалпы қоғамның жауапкершілігін арттыру маңызды. Өзін бір алдаған адам елін "мамандық алдым" деп екі алдайды. Сондықтан оқу орындарының рейтингін министрліктер емес, жұмыс беруші тарап айқындаса, бірқатары өзінен өзі жабылады. Олардың санын сапа реттейді. Сұранысқа ие маман даярлайтын оқу орындары ел аузында жүр. Мемлекеттік және жекеменшік жоғары оқу орындарына талап әркелкі емес, бірдей болуға тиіс. Сапалы білім беріп жатқаны ғана мемлекеттік тапсырысқа қол жеткізсе, нәтиже бүгінгіден де жақсы деңгейге көтерілмек", - дейді Мәжіліс депутаты. 

Сондай-ақ Дархан Мыңбай оқу орындарындағы оқытушыларға да тоқталды. 

"Бірауыз сөз сапалы оқытушылар туралы. Біз оларды қайдан аламыз? "Шеттен" деген ойдың негізсіздігін уақыт дәлелдеді. Расында, кім жақсысын жіберсін. Біраз жыл "шеттен шақыру" саясатымен мемлекеттің қыруар қаржысы шығындалғанын жұрт біледі. Тексере келгенде, дәріс оқуға профессор қат болып, қатардағы магистрлер ағылған. ЖОО-лар мұны "қаржыны игерумен" түсіндірген", - дейді ол. 

Оның айтуынша, отандық мамандардың ішінен озығын дәл тауып, ақылмен ынталандыра білу керек. 

"Әйтпесе, бар жұмыс "мұғалімдерді бірер айлық курспен ағылшындандырудың" кері болмақ. Мұны да "қаржыны игерумен" ақтаған кез болған. Жалпы, педагогтің мәртебесі, айлығы дегенде, жоғары мектепті ұмыт қалдыруға болмайды. Көз майын тауысып, білім-ғылымға өмірін арнаған профессордың 150-160 мың айлығы көп пе, аз ба? Жоғары оқу орны ғалымдарының 25-30 пайызының ғана ғылыммен айналысуға мүмкіндігі бар. Бұл - осынша ғалым қосымша қаржы табады деген сөз", - деді Дархан Мыңбай. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.57   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети