ПОДЕЛИТЬСЯ
28 декабря 2020 | 14:51
ДСМ ауруханада неге фото-видео түсіруге болмайтынын түсіндірді
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов медициналық ұйымдарда неге фото, видео түсіруге болмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов медициналық ұйымдарда неге фото, видео түсіруге болмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Негізінде, фото-видео түсіруге тыйым салу жаңа норма емес және медициналық ұйымдарда ол (норма - ред.) осы жылдың сәуірінен бастап қолданылады. Онда медициналық ұйымда, жедел жәрдем көлігінде, науқасқа көмек көрсетіп жатқан басқа бөлмелерде видео түсіруге тыйым салынады. Бұл бірінші кезекте науқастың құқығын қорғау нормасына сәйкес жасалған. Сондай-ақ, ДСМ (науқастарға - ред.) медициналық ұйымға смартфон әкеліп, туыстарымен байланыста болу үшін хабарласуға, видео арқылы сөйлесуге тыйым салмайды. Біз ДСМ ретінде азаматтардың жеке өміріне қол сұға алмаймыз", - деді Шоранов ОКҚ онлайн-брифингінде.
"Қазір ДСМ түсініктірек болу үшін бұл норманың қандай жағдайда түсіруге болады, қандай жағдайда болмайды деген тұсына мән беріп, егжей-тегжейлі толықтырмақ", - деді ол.
Вице-министр қандай да бір шағым болса, арнайы сервиске хабарласуға болатынын атап өтті.
"Инфекциялық стационар туралы айтқанда, ол жерге туыстарына өз қауіпсіздігі үшін кіруге болмайтынын білеміз. Ал медициналық қызметкер немқұрайды қарап немесе заңсыз әрекет жасаса, онда бүгінде "Қолдау 27/7" сервисі кеңінен қолданылып жатыр. Барлық шағым сонда қабылданады, біз бәрін қарастырамыз. Содан соң әрбір адамға нақты жауап беріледі", - деді Марат Шоранов.
Бұған дейін вице-министр брифингте оқушылар арасында коронавирус жұқтырып ауырып қалғандардың көбейгенін айтқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также