ПОДЕЛИТЬСЯ
13 марта 2020 | 12:24
Дүрбелеңге негіз жоқ - министр азық-түлік тапшылығы туралы
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанда азық-түлік тапшылығы жоғын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tegrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанда азық-түлік тапшылығы жоғын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tegrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, 25 ақпан мен 3 наурыз аралығында елімізде барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы 0,1 пайызға төмендеген.
"Қазақстанда азық-түліктің жоғары деңгейі байқалады. Импорт көлемі басым тауар - тауық пен қант. Алайда бұл тауарлар көршілес Ресейде көптеп өндіріліп жатыр. Ішкі нарыққа бұл тауарларды жеткізу жағынан ешқандай проблема жоқ", - деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Осы орайда ол Қазақстанда азық-түлік тапшылығы жоғын атап өтті.
"Бүгінде ішкі нарықта ешқандай тауар тапшылығы жоқ. WhatApp-тағы және басқа әлеуметтік желіде тарап жатқан суреттер бойынша айтарым, дүрбелеңге еш себеп жоқ", - деді Сұлтанов.
Еске салайық, үкімет коронавирустың алдын алу бойынша шаралар қабылдағаннан кейін әлеуметтік желілерде супермаркет пен дүкен ішіндегі ұзын-сонар кезектің суреттері пайда бола бастады. Бұған Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшиннің сөзі ықпал еткен. Ол елімізге коронавирус алдағы аптада келуі мүмкін деген болжам жасаған еді.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также