07 июня 2021 15:06

"Дұрыс шешім". Алматыдағы тұман секілді фонтан не үшін жабылғаны айтылды

Фото: Facebook / Давай Сходим Алматы

Алматыда Достық пен Құрманғазы қиылысындағы фонтанды жабу туралы шешімді кім шығарғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Достық пен Құрманғазы қиылысындағы фонтанды жабу туралы шешімді кім шығарғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

"Достық пен Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы фонтан, яғни тұман секілді фонтан болатын. Ол сол ғимарат иелерінің шешімімен жабылды. Ол тек нысандық фонтан. Сондықтан ол техникалық себептерге байланысты жабылды. Оны жапқан не санэпидбақылау басқармасы, не аудандық әкімдік те емес.

Субұрқақ осы ғимараттар кешенінің иесінің бастамасымен жабылды. Әрине, бұл дұрыс шешім болды. Одан кейін біз оны бақылап көрдік және балалар ойнап, жүгіріп жүретін фонтан, ыстық жер, жоғары ылғал коронавирустың тарауына әсер етеді деп есептейміз. Тек коронавирус емес, сондай-ақ паразиттік аурулар да бар", - деді Бекшин онлайн баспасөз мәслихатында.  

Реклама
Реклама

Еске салайық, жақында Алматыдағы "Қазақстан" қонақүйіне қарама-қарсы орналасқан ғимараттың алдында тұман секілді фонтан ашылған болатын. Алайда ол адамдар көп келуіне байланысты бірнеше күннен кейін жабылып қалған еді.   

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram