ПОДЕЛИТЬСЯ
28 мая 2020 | 13:29
"Екі жастағы баладан табылған". Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар туралы не белгілі?
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 9,5 мыңнан асты. Вирус жұқтырған кей қазақстандық туралы мәліметтер жарияланып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі соңғы күндері кей қалада вирус жұқтырғандар туралы тың деректер жариялайды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 9,5 мыңнан асты. Вирус жұқтырған кей қазақстандық туралы мәліметтер жарияланып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі соңғы күндері кей қалада вирус жұқтырғандар туралы тың деректер жариялайды.
Қарағанды облысында вирус жұқтырғандар туралы не белгілі?
Соңғы бір тәулікте Қарағанды облысында 49 адамнан коронавирус табылған. Бүгін олар туралы мәліметтер жарияланды.
Барлық 49 науқас скрининг кезінде анықталған не жақын байланыста болған. Олар ПТР тестілеуінен өткен, нәтижесінде COVID-19 табылған. Оның ішінде 32 науқас Қарағандыда, 6 - Теміртауда, 5 - Саранда, 1 - Жезқазғанда және бесеуі Шет ауданында тұрады.
© Тұрар Қазанғапов
Барлығы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, емделіп жатыр.
Нұр-Сұлтанда вирус жұқтырғандар туралы не белгілі?
26 мамырда елордада 78 адамнан коронавирус табылған. Оның ішінде алты адам ауруханада жатқандардан анықталған, ал 34 адам вирус жұқтырғандармен жақын байланыста болған. Төрт науқас ауруханаға өзі келген, қалған 34 адам профилактикалық мақсаттағы мониторинг кезінде анықталған.
Вирус жұқтырғандармен жақын байланыста болып, өзінен COVID-19 табылған 34 адамның жасы әр түрлі. Оның ішінде 26, 28, 47, 33, 23, 32, 81, 29, 36, 39, 51 және 47 жастағы әйелдер бар.
© elements.envato.com
Сондай-ақ, тоғыз ер адамнан вирус табылған. Олардың жасы - 23, 22, 23, 48, 81, 67, 49, 27 және 32-де.
Одан бөлек тағы 11 баладан коронавирус анықталған, олар төрт, екі, сегіз, тоғыз, бес, 12 және 10 жаста екен.
Мониторинг кезінде вирус табылғандар ішінде де екі және 10 жастағы ер балалар бар.
24 мамырда 403 адамнан вирус табылған, олар туралы не белгілі?
24 мамырда бір тәулікте елімізде 403 адамнан коронавирус анықталған. Шымкентте ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша, қаланың 33 тұрғынында COVID-19 диагнозы нақтыланған: 15-і жақын байланыста болғандар, төртеуі соматикалық стационарларға шұғыл түрде жеткізілгендер, 14-і скрининг нәтижесінде анықталғандар. Барлығы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.
Сол күні Ақтөбе облысында инфекцияның 18 жаңа жағдайы тіркелген. Оның ішінде 13 жағдай бұрын жұқтырған адамның жақын ортасынан, біреуі ықтимал байланыс шеңберінен, бір жағдай скрининг нәтижесінде анықталған. Ал қалған үш адамның қызуы көтеріліп, ауруханаға өзі келген.
© elements.envato.com
Ал Алматы облысында сол кезде 6 жағдай тіркелген - Талдықорған, Ескелді және Талғар облыстарында 2 адамнан. 4 науқас бұрын коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болған, екеуі профилактикалық тексеріс кезінде анықталған. Барлық науқас оқшауланған, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөлімінде жатыр.
Қызылорда облысында 5 адамнан вирус табылған, барлық науқас - Қызылорда қаласының тұрғыны. 1951 және 1966 жылы туған екі ер адам, 1965, 1983 және 1992 жылы дүниеге келген үш әйел. Бәрі де бұрын коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болған екен.
© elements.envato.com
Шығыс Қазақстан облысында екі адамнан вирус анықталған. Бірінші жағдай шетелден келген студенттан табылған. 2000 жылы туған студент Ресейден келген. Сонымен қатар, Семейдің 1963 жылы туған тұрғынынан да вирус анықталған. ПТР диагностикасы кезінде оның сынамасы оң нәтиже көрсеткен.
Айта кетейік, Қазақстанда соңғы бәр тәулікте 272 адам коронавирус жұқтырған болатын. Елде вирус жұқтырғандар өсімі - 2,9 пайыз. Бүгінде Қазақстанда барлығы 9576 адамнан COVID-19 анықталған, оның 4768-і жазылған. 37 науқас қайтыс болған.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также