ПОДЕЛИТЬСЯ
23 июня 2021 | 12:13
"Екі рет тексердік. Алматыда үнді штамы анықталды" - Бекшин
Алматыда үнді штамы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда үнді штамы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.
"Он күннің ішінде қала бойынша мутация штамдарына арналған 63 зерттеу жасадық. Оның ішінде 90 пайызға жуығы - "ұлыбританиялық" штамм, екі сынамада "оңтүстік африка" штамы болды, кешегі зерттеу барысында 9 сынаманың ішіндегі бір сынамадан "дельта" немесе үнді штамы анықталды. Оны екі рет тексердік, бүгін таңертең де қорытынды зерттеу жасаған кезде оны толық анықтадық", - деді Бекшин.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда үнді штамы табылды деген қауіптің анықталғаны хабарланған болатын.
Показать комментарии
Читайте также