28 октября 2020 | 11:03

Экологиялық кодекс: министр табиғатты ластаушылармен күрес қалай жүретінін айтты

Даурен Ерболат Журналист
Фото: ekovolga.com

Мәжілістің жалпы отырысында экологиялық кодекстің жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжілістің жалпы отырысында экологиялық кодекстің жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заң жобасын депутаттарға экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев таныстырды. Оның пікірінше, бұл құжат қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға мүмкіндік береді.

Реклама
Реклама

"Ластаушы төлейді" қағидатының негізіне ластануды болдырмау мен бақылау бойынша шаралары жатады. Сонымен қатар, қоршаған ортаға тиген залалды қалпына келтіруге қатысты жауапкершілік қарастырылған. Осылайша, мемлекет табиғат пайдаланушыларға экологиялық айыппұл төлеудің орнына қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмау жөніндегі барлық шараны қабылдау тиімдірек болатындай жағдай жасауы тиіс", - дейді министр.

Мырзағалиев заң жобасында экологиялық залал болған жағдайда табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны қалпына келтіруге міндетті екенін атап өтті.

"Ең озық қолжетімді технологияларды енгізеді деген шартпен бірінші санаттағы объектілер үшін кешенді экологиялық рұқсаттарға көшу ұсынылады. Сондай-ақ жаңадан іске қосылатын кәсіпорындар үшін кешенді экологиялық рұқсаттар алу міндеттілігі қарастырылды. Ең озық қолжетімді технологияларды енгізудің арқасында еліміздегі экологиялық ахуал жақсарады", - дейді Мырзағалиев.

Министр бірінші кезеңде мұнай-газ, тау-кен металлургиясы, химия және электр энергетикасы салаларына қатысты 50 ірі кәсіпорынды ең озық қолжетімді технологияларға ауыстыру жоспарланып отырғанын жеткізді. Ол осы 50 кәсіпорынға жалпы ластанудың 80 пайызы тиесілі екенін жеткізді.

"Кодекстің жобасында бірінші санаттағы ірі кәсіпорындарға қатысты қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу туралы талап қарастырылды. Олардың тізбесі қайта қаралады және негізінен экологиялық қауіпті объектілерге баса назар аударылады. Сонымен қатар, қоғам өкілдері қоршаған ортаға әсерді бағалаудың барлық кезеңіне қатысады", - дейді ол.

Оның айтуынша, заң жобасы аясында міндетті түрде бірінші санаттағы объектілердің қоршаған ортаға әсері бағаланады. Ал екінші санаттағы объектілер скринингтен өтеді. Осылайша, қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу қажет немесе қажет емес екені анықталады.

"Үшінші санаттағы объектілер бойынша декларация қабылданады (қоймалар, жиһаз цехтері, бетон өңдеу тораптары және қызметі жергілікті, қоршаған ортаны ластаудың елеусіз сипатындағы өзге де объектілер). Ал төртінші санаттағы объектілер реттеуден толық босатылған (автожуу, СТО, қоғамдық тамақтану объектілері, қуаттылығы аз қазандық қондырғылары бар микробизнес объектілері)", - дейді Мырзағалиев.

Ведомство басшысы қоршаған ортаға эмиссиялар және табиғат қорғау іс-шараларына бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы үшін төленетін төлем мәселесіне тоқталды.

"Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнама бойынша табиғатты қорғау іс-шараларына эмиссия үшін түскен төлемдерді мақсатты жұмсау міндеттелеген. Мысалы, соңғы жылдары жергілікті атқарушы органдар келіп түсетін қаражаттың тек 45 пайызын ғана қоршаған ортаны қорғауға бөліп келген. Осыған байланысты, заң жобасында жергілікті атқарушы органдар түсетін экологиялық төлемдердін есебінен 100 пайыз көлемінде табиғатты қорғау іс-шараларына қаржы бөлуге міндетті екендігі көрсетілген", - дейді министр.

Мағзұм Мырзағалиев өндіріс және тұтыну қалдықтары мәселелерін шешу мақсатында қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы терминология мен ережелер халықаралық талаптарға сәйкес келтірілгенін айтты.

"Жобада қалдықтармен кезең-кезеңімен жұмыс істеуге бағытталған иерархия қарастырылған. Бұл дегеніміз, ең алдымен, жиналатын қалдықтарды азайтуға бағытталған. Я болмаса жиналған қалдықтарды қайта пайдалану, қайта өңдеу, кәдеге жарату қажет екені айтылған. Тек осыдан кейін полигондарда көму қажеттілігі қарастырылады. Халықты тұрмыстық-қатты қалдықтарды жинаудың, кәдеге жаратудың және қайта өңдеудің, қалдықтарды бөлек жинаудың рационал жүйесі туралы хабардар ету жүзеге асырылады", - дейді министр.

Оның айтуынша, қалдықтардың классификациясы Еуропалық каталогқа сай сәйкестендірілген.

"Онда қауіпті емес те, қауіпті де қалдықтардың тізбесі көрсетіледі. Бұл ретте, заңсыз қоқыс тастау мәселесін жүйелі түрде шешу үшін жаңа экологиялық кодексте қоқыс шығаратын көліктерге GPS-датчиктерді міндетті түрде орнату мәселесі көзделген", - дейді Мырзағалиев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная