ПОДЕЛИТЬСЯ
10 августа 2021 | 14:58
Екпе аларда антиденеге тест тапсыру неге қажет емес? Профессор жауабы
Бүгінде халық арасында вакцинация туралы жаңсақ пікір өте көп. Бірі халыққа тәжірибе жүргізіп жатыр, әлі аяқталмаған вакцина ұсынып отыр дейді, бірі вакцина алар алдында антиденені тексеру керек дейді, тағы бірі вакцина салдырған сайын ауырғандар саны артып кетті деген пікірде. Динара Сәтжан Instagram-дағы парақшасында құрметті дәрігер, профессор, медицина ғылымдарының докторы Рафаил Розенсонмен вакцинация туралы сұхбат жүргізді. Вирусологтың осы қалыптасқан пікірлерге жауабы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгінде халық арасында вакцинация туралы жаңсақ пікір өте көп. Бірі халыққа тәжірибе жүргізіп жатыр, әлі аяқталмаған вакцина ұсынып отыр дейді, бірі вакцина алар алдында антиденені тексеру керек дейді, тағы бірі вакцина салдырған сайын ауырғандар саны артып кетті деген пікірде. Динара Сәтжан Instagram-дағы парақшасында құрметті дәрігер, профессор, медицина ғылымдарының докторы Рафаил Розенсонмен вакцинация туралы сұхбат жүргізді. Вирусологтың осы қалыптасқан пікірлерге жауабы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.
Вакцинадан кейін ауруханаға түсетіндер көбейіп жатқаны рас па?
"Бастапқыда вакцинацияны панацея дегенімізде, біз Ухан штамы туралы айттық. Былтыр ауру өршіп тұрғанда, ал вакцинация енді қарқын алып жатқанда, қазан, қарашада алғашқы вакциналар пайда болып, Pfizer 97 пайыз, "Спутник V" 93-95 пайыз тиімділік көрсетті. Көрсеткіштер өте жоғары болды. Бірақ үнді "дельта" штамы пайда болғаннан кейін тиімділік айтарлықтай төмендеді.
Оған қоса, бұл көрсеткіштер ғана емес, адамға жұқтыра алатын вирустар саны да азайды. Ухандық коронавирус қана болғанда ересек адамға вирус жұғуы үшін 1000 дана, балаға 10 мың дана қажет болған. Бір жарым метр қашықта адам адамға вирусты 20 минутта жұқтыратын. Ал "дельта" штамы мүлде басқа. Ересектерге вирус жұғуы үшін 100, балаларға 1000.
Ал бізде жағдай қандай болды? Біріншіден вакцинация сылбыр. Алайда бүгінде вакцинация қарқын алғанына қарамастан, халықтың 80 пайызға жуығы әлі толық көлемде екпе алған жоқ. Вакцина толық жұмысқа кірісуі үшін бес апта қажет, бірінші мен екінші компонент арасында 3 апта, екіншісінен кейін екі апта. Бірінші екпе алғаннан кейін 12 күннен соң вирус жұқтыру мүмкіндігі айтарлықтай азаяды. Алайда қазір вирус ошағы өте көп, адамдардың 80 пайызы әлі қорғалмаған, вирус та жылдамырақ жұғады. Адамдар да бір жарым жылда шаршады, масканы дұрыс тақпайды, қашықтық сақтамайды. Оларға да кінә тағуға болмайды.
Осының бәрі "дельта" штамының бізде ғана емес, бүкіл әлемге таралуына себеп болды. Вирустан өлім-жітім де көбейді. Былтыр 1-1,5 пайыз болса, қазір вирус жұқтырған 8 мың адамның 150-і қайтыс болады, бұл 2 пайыз, бұл өте үлкен көрсеткіш", - деп жауап берді профессор.
Рафаил Розенсонның айтуынша, бүгінде вакцина адамды 80 пайызға қорғайды. Екпе алмаған әрбір бесінші адам ауырады. Вакцина алған жүз адамның біреуі ғана вирус жұқтырса, жансақтау бөліміне түсуі мүмкін.
"Яғни, вакцина вирус жұқтырмайсың деген кепілдік бермейді. Алайда екпе алмаған адамдар ауруханаға өкпесі 15-20 пайыз қабынған күйде түсіп жатыр, бұл көрсеткіш 5-6 күнде 50-70 пайызға дейін көтеріледі. Ал қазір емдеу хаттамасында жызылған гормондық және қан сұйылтатын препараттар вакцина алған адамдарға өте жақсы көмектеседі. Салдырмағандарға көмегі аз. Сондықтан өлім жағдайлары да көп. Алдағы 5-6 апта эпиджағдай ауыр болады. Вакцина 100 пайыз қорғамайды десек те, екпе алмаған адамдардың жансақтау бөліміне түсуі екпе салдырғандарға қарағанда бірнеше есе көп", - дейді ол.
Қазақстан мен Израиль статистикасы
"Қазақстан мен Израильді алайық. Қазақстанда вакцинаның екі компонентін халықтың 17 пайызға жуығы алды. Израильде 70 пайызға жуық. Израильде 9,5 миллион халық бар, бізде 19 миллион. Халықты салыстыру оңай, екіге бөлсек сол шығады. Бізде күніне 120-150 адам қайтыс болады, оларда 6-7 адам. Оларға жету үшін қалған халықтың 50 пайызы екпе алса, біз өлім деңгейін 25-ке азайтамыз", - дейді профессор Динара Сәтжанға берген сұхбатында.
Вакцина алдында неге антиденеге тест тапсыру қажет емес?
"Антиенелер қорғайтын және "куәгер" болып бөлінеді. Ешкім олардың қаншасы қорғайтын, қаншасы "куәгер" екенін айта алмайды. Бір қорғайтын, 14 куәгер болуы мүмкін немесе керісінше. Сондықтан антидене титрін өлшеу адамның тек моральдық тұрғыдан көңілін көншітеді. Қандай да бір препарат бермес бұрын антидене өлшететін елдер аз. ДДСҰ мен басқа да сенімді клиникалардың мақалаларынан мен мұндайды көргем жоқ.
Гуморалды иммунитет немесе антиденелер иммундық қорғаныштың бір бөлігі. Бірақ бізде олардан бөлек жасушалық иммунитет (ол да бірнешеге бөлінеді) пен фагацитоз жүйесі (коронавирус жұқтырған адамдағы ролі зерттелмеген) бар. Одан бөлек интерферон жұмысы бар. Қараңызшы енді, иммундық жүйе санқырлы.
Мен мұны заманауи армиямен салыстырамын. Сізде тек жаяу әскер бар делік, олардың саны өте көп. Бірақ авиация, флот, десанттар мүлде жоқ. Соғыста жеңе аласыз ба? Қарсыластан 10 есе көп болсаңыз да, олар артиллериясын қойып алға шығады, әуеден шабуыл жасайды. Қазіргі армия - әртүрлі қорғаныс факторының тепе-теңдікте болуы.
Абырой болғанда, біздің иммундық жүйеміз көпқырлы. Сондықтан 100 пайыз иммун тапшылығынан болатын өлім өте аз. Мысалы, бір адам гуморалды иммунитеті тапшы болып туған делік, оған антиденелерді жасанды жолмен салса, бұл басқа иммундық жауаптың жақсы жұмыс істеуіне және ағзаны қорғауға жеткілікті. Коронавирус инфекциясымен де солай. Антиденелер - сіздің вирус жұқтырғаныңыздың немесе вакцина алғаныңыздың куәгері. Ал олардың титріне қарап, вакцина салдыру тәуекелге әкелуі мүмкін.
Денсаулығыңа сенімді жүру үшін қанша антидене қажет екенін біз қазір айта алмаймыз. Сондықтан екі компоненттің арасын алыстатпаған жөн, себебі екенішісі қорғайтын компонент", - дейді медицина ғылымдарының докторы.
"Мемлекет бізге тәжірибе жүргізіп жатыр" деген айыптауға жауап
Рафаил Иосифович Розенсон вацинаны 4 және 25 ақпан күндері салдырғанын айтты. Профессордың сөзінше, ол кезде тек "Спутник V" болған. Дегенмен дәрігер ресейлік вакцинаны өте сәтті, тиімді, жақсы деп есептейді. Себебі оның жасалған әдісі ондаған жылдан бері бар. Тек қазіргі вирусқа бейімделген.
"Бұл - аденовирусты вектор. Ол ресми түрде 15 жыл бұрын ашылған, ал жалпы бірнеше он жыл бұрын шыққан. (...) Бұл мүмкіндіктер көптеген вирусқа қарсы вакциналарға қолданылған. Оның ішінде эбола, марбург та бар. Ал коронавирус келгенде, Ресей оған қарсы препарат жасау үшін қандай әдіс дұрыс екенін қарастырып жатқанда, Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығында мұндай тәсіл бұрыннан бар екені анықталды. Сондықтан антиваксерлердің әлі дұрыс жасалмаған вакцина салып жатыр деген сөзі жалған, ол баяғыдан бар", - деді Рафаил Розенсон.
Фотолар: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также