14 сентября 2021 | 09:17

Елде ауру жұқтыру 35 пайызға азайды - Цой

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстанда кейінгі апталарда коронавирус жұқтыру жағдайлары азайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда кейінгі апталарда коронавирус жұқтыру жағдайлары азайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты. 

"Қазақстанда кейінгі екі аптада ауру жұқтыру көрсеткіші 35 пайызға азайды. Ал кейінгі аптада Қазақстанда ауру деңгейі 14 пайызға төмендеген: аптасына 31 мыңнан 25 мыңға дейін. ДДСҰ бағалауы бойынша, республикада репродуктив сан кейінгі төрт аптада 1-ден төмен, яғни пандемия бақылауда, сырқаттанудың тұрақты төмендеуі байқалады. 

Оң динамика эпидахуал матрицасына да әсер етті: кейінгі екі аптада 5 аймақ "қызылдан" "сары" аймаққа өтті. Ол: ШҚО, Жамбыл, Қызылорда, БҚО және СҚО. "Жасыл" аймақта - Түркістан облысы. Қалған 11 өңір "қызыл" аймақта", - деді Цой Үкімет отырысында. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, Қазақстанда, 14 қыркүйектегі жағдай бойынша, коронавирус жұқтырғандар саны 845 388-ге жетті. Оның ішінде, 766 435 адам аурудан айықса, 10 427 адам қайтыс болды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная