08 сентября 2020 | 12:48

Елде қандай қылмыс саны азайғаны айтылды

Даурен Ерболат Журналист
Фото: news.myseldon.com

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов елімізде қандай қылмыс саны азайғанын айтты, - хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов елімізде қандай қылмыс саны азайғанын айтты, - хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елімізде тіркелетін қылмыстық құқықбұзушылықтар саны азайды. Осы жылдың 8 айында қылмыстық құқық бұзу дерегі өткен жылмен салыстырғанда 35 пайызға азайды. Ұрлық дерегі 52 пайызға, қарақшылық 50 пайызға, бұзақылық 46 пайызға қысқарды", - деді Ахметжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол өткен жылы Президент жолдауындағы тапсырмалардың орындалуы салаға қалай әсер еткеніне тоқталды.

"Нақты қылмыстық істерге тоқталайын. Мысалы, жыныстық зорлық-зомбылық қылмысы үштен бірге қысқарды. Бұл жазаны күшейтумен байланысты. Осыған дейін күдікті жәбірленушімен келісімге келіп, жазадан құтылып кететін. Бұл оған бостандықта жүруге мүмкіндік беріп, зорлық-зомбылық дерегі қайталанушы еді. Қазіргі таңда ондай мүмкіндік жоқ. Мысалы, осы жылы қылмыс жасағандар орташа есеппен 5,5 жылға бас бостандығынан айырылады. Сонымен қатар, бірнеше рет ұрлық, алаяқтық жасағандар жәбірленушімен келісімге келу тәртібі алынып тасталды", - деді бас прокурордың орынбасары.

Айта кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, адам құқықтарын қорғауды күшейту бойынша тапсырма берген еді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная