ПОДЕЛИТЬСЯ
21 июня 2021 | 12:34
Елдегі мектептердің 6 пайызында ғана күзет ұйымдары жұмыс істейді - министр
Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елдегі балалар қауіпсіздігін қамтуға байланысты бірқатар кемшілікті атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елдегі балалар қауіпсіздігін қамтуға байланысты бірқатар кемшілікті атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министр бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында айтты.
"Балалардың қауіпсіздігі - өте өзекті мәселе. Осы орайда ІІМ бірқатар шараны қабылдады және заңға өзгерту енгізілді. Біріншіден, балаларға қатысты зорлау, сексуалды қылмыстар үшін жауапкершілік пен жаза күшейтілді. Жаза мерзімі ұзартылды, енді бұл бап бойынша татуласу мүмкін емес және қылмыскер мерзімінен бұрын босатылмайды. Екіншіден, қазір кәмелетке толмағандардың ісі бойынша инспекторлардың саны 448-ге дейін ұлғайды. Енді барлық өңірде инспектор болады және олар профилактикалық шараларды атқарады", - деді министр.
Сонымен қатар, Тұрғымбаев биыл мамырда Қазанда болған қайғылы оқиға туралы да айта кетті.
"Қазандағы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бар, мектептердегі қауіпсіздік шаралары бойынша мемлекеттік органдармен бірге жұмыс істеп жатырмыз. 7500 мектепті тексердік, 100 пайызында камера бар, алайда 45 пайызы ғана стандартқа сай. Сонымен қатар, мектептердің 30 пайызында дабыл жүйесі жоқ, турникеттер мен темір іздейтін құрылғылар 5 пайызында ғана бар, 6 пайызында ғана күзет ұйымдары жұмыс істейді. Бұл кемшіліктердің барлығын мемлекеттік органдармен бірлесіп жыл соңына дейін жоямыз деп ойлаймын", - деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елдегі мектептердің 23 пайызында ғана камера мәселесінің қайта қаралатынын айтқан болатын. Сонымен қатар, ол "оқу жылы басталғанша оның бәрі қалыпқа келтіріледі", деп мәлімдеген.
Показать комментарии
Читайте также