22 марта 2020 | 18:59

"Электрон сәлемдесейік". Моңғолия президенті қазақ халқына үндеу жасады

Фото: president.mn

Моңғолия президенті Ерөнхийлөгч Х.Баттулга қазақ халқын Наурыз мейрамымен қазақ тілінде құттықтап, коронавирус қаупіне байланысты амандасудың электрон түріне өтуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құттықтау Моңғолия президенті сайтында жарияланды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Моңғолия президенті Ерөнхийлөгч Х.Баттулга қазақ халқын Наурыз мейрамымен қазақ тілінде құттықтап, коронавирус қаупіне байланысты амандасудың электрон түріне өтуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құттықтау Моңғолия президенті сайтында жарияланды.

"Наурыз мейрамы құтты болсын! Қазақ халқын Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Көктем айының шуағын ала келетін ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлағалы отырған қазақ халқына арнайы үндеуім: Біз сіздерді ағайын-туыстарыңызбен аман-есен қауышып, ақсақал қарияларды құрметтеп құттықтағанда озық технологияларды қолдана отырып, қауіп-қатерден сақтану үшін электрон сәлемдесу және қашықтан сәлемдесу түрлерін қолдануды сұраймын", - делінген үндеуде.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол дүние жүзінде кеңінен тарап жатқан коронавирус індетінен ақсақал қарияларды сақтау ең басты міндет екенін айтып, сондықтан тойлау күндері де қауіпсіздік шараларын жалғастырып, ұйымдастыруға шақырды.

"Наурыз мейрамы береке-бірліктің белгісі болған қарттарымызға қуаныш сыйлайтын, ғасырлар бойы жалғасқан ауырлығы аз, арақ-шараптан алыс ерекше мереке болғандықтан қарттарымызды барлығымыз қауіп-қатерден сақтағанымыз жөн", - дейді Моңғолия президенті.

"Күн нұрын да төгіп, күлімдеп тыныштықта келе жатыр. Отанымыз тыныш, еліміз аман болса әлі талай-талай Наурыз мейрамын бірге тойлаймыз. Барша қазақ халқы сіздерді Наурыз мерекелеріңізбен құттықтай келе барлық жақсылықты тілеймін", - делінген құттықтауда.

Сонымен қатар, елдің премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсух те қазақ халқын Наурыз мейрамымен құттықтап, қауіпті вирустан аман болуды тіледі.

"Шуақты көктемнің бастауы, қазақ халқының тарихи дәстүрлі Наурыз мерекесімен барлық қазақ азаматтарын Үкімет атынан және өз атымнан құттықтаймын. Жылына бір рет келетін осы күнді әр бір адам көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып, бірлік пен жақсылықты тілеу арқылы қазақ халқы ата салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтап келе жатқанын көрсететін ерекше мереке. Әлемді жаулаған осы қатерлі індетті жою үшін әр азамат жауапкершілік пен ұқыптылықты сақтауға тағы да шақырамын", - дейді премьер-министр.

Сонымен қатар, ол қазақ халқына іс-қызметте әрқашан ілгері болуды, тілеген тілегі қабыл болуды және бақыт пен шаттық тіледі.

Еске салайық, Моңғолияда коронавирус жұқтырудың 10 дерегі тіркелген. Ал Қазақстанда 57 адам ауру жұқтырған.

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная