СКАЧИВАЙТЕ НАШЕ ПРИЛОЖЕНИЕ

Елімізде дәрі бағасын негізсіз көтерудің 100-ге жуық дерегі тіркелді - Сұлтанғазиев

Даурен Ерболат Журналист
Фото: pharm.review

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев елімізде соңғы 2 аптада дәрі бағасын негізсіз көтерудің 100-ге жуық дерегі тіркелгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев елімізде соңғы 2 аптада дәрі бағасын негізсіз көтерудің 100-ге жуық дерегі тіркелгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, комитет өңірлердегі полиция, экономикалық қылмыс бойынша тергеу жүргізетін департаменттермен бірге дәріханалардағы дәрілердің бағасын тексеріп жатыр.

Реклама
Реклама

"Соңғы 2 аптаның ішінде Қазақстан бойынша 1400 дәріхана тексерілді. Жалпы елімізде 8 мыңнан астам дәріхана бар. Қазір республикадағы дәріханалардың тек 15 пайызын ғана тексердік. Тексеріс барысында дәрі бағасын қымбаттатып сатқан 100-ге жуық деректі анықтадық. Дене қызуын төмендететін дәрілер, антибиотиктер, вирусқа қарсы дәрілер, антикоагулянттардың шекті бағасынан көтеріп сату дерегін байқап отырмыз", - деді ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Facebook-тегі парақшасында өтіп жатқан тікелей эфирде.

Тимур Сұлтанғазиев мұндай деректер тіркелген жағдайда, комитет заңға сәйкес әрекет етіп жатқанын атап өтті.

"Елімізде 10 миллион теңгенің дәрі-дәрмегі тіркелмегені анықталды. Заңды бұзу деректеріне тоқталайын. Өңірлік департаменттердің қарауында 65 әкімшілік іс жатыр. Қазіргі таңда 12 әкімшілік айыппұл салынды. Бұл бағытта жұмыс белсенді түрде жүргізіліп жатыр", - деді комитет төрағасы. 

Tengrinews
Вопрос от автора
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная