Елорда әкімдігінің имиджі үшін 125 миллион теңге: лот жариялаған шенеунік жазаланды

Елорда әкімдігінің имиджі үшін 125 миллион теңге: лот жариялаған шенеунік жазаланды Фото:elements.envato.com

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов әкімдік имиджін көтеру үшін 125 миллион теңге бөлінді деген мәліметке қатысты пікір білдірді. Бұл сұраққа қала әкімі ОҚК онлайн-брифингінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онлайн-брифинг барысында журналистер Көлгіновтен әкімдікке осы үшін неге сонша ақша жұмсаудың қажет болғанын сұрады.

Көлгінов лотты ұйымдастырған шенеуніктің жауапқа тартылғанын айтты.

Реклама
Реклама

"Бізге ол үшін соншама ақша жұмсаудың не қажеті бар? Бізге оның керегі жоқ. Сондықтан осы лотты ойнатпақ болған басшы жауапқа тартылды. Лот алып тасталды. Кей БАҚ өкілі мәліметті дұрыс жеткізбеді. Болды, осымен бұл мәселе жабылды. Осыны ұйымдастырған адаммен сол сәтте-ақ келісімшарт бұзылды", - деді Көлгінов.

Еске салайық, мұның алдына қала әкімі Нұр-Сұлтанда мерекелер қарсаңында карантин шаралары қандай болатынын айтып берген болатын.

Tengrinews
Вопрос от автора
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама