14 апреля 2020 | 13:25

Елордада карантин ережесін бұзған 3 мыңға жуық адам жауапқа тартылды

Даурен Ерболат Журналист

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов карантин ережесін бұзған 3 мыңға жуық адам жауапқа тартылғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов карантин ережесін бұзған 3 мыңға жуық адам жауапқа тартылғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қалада қылмыс, жол апаты деректері азайды. 

Реклама
Реклама

"Өкінішке қарай, кейбір азамат ескертулерге құлақ аспай, карантин режимін бұзып жатыр. Түрлі құқық бұзу әрекеті үшін полиция бөліміне 2 838 адам жеткізілді. Оның ішінде 1 770 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 166 адам қамауға алынды. 1 126 адамға айыппұл салынды. 438 адамға ескерту жасалды. Сот қарауында 70 іс бар", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, Ержан Сәденов әкімдіктің тұрағына 588 көлік қойылғанын жеткізді.

"36 жүргізуші мас күйінде ұсталып, көлікті жүргізу құқығынан айырылды. 67 жаяу жүргізушіге айыппұл салынды. 135 адам қамауға алынды. Блокбекеттердің шекарасын бұзғаны үшін 1174 адам жауапқа тартылды. Оның ішінде 124 адам қамауға алынды", - деді полиция департаментінің басшысы.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 1179-ға жетті. 138 науқас жазылды, 14 адам қайтыс болды.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная