28 августа 2020 15:12

Елордада мұқтаж отбасылардың балалары 100 пайыз компьютермен қамтылады - білім басқармасы

Даурен Ерболат Журналист
Фото: РИА Новости

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова елордада мұқтаж отбасылардың балалары 100 пайызға компьютермен қамтамасыз етілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова елордада мұқтаж отбасылардың балалары 100 пайызға компьютермен қамтамасыз етілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Компьютерлердің қажеттілігіне мониторинг жүргіздік. Осы мақсатта 34 472 компьютерлік техника сатып алуға шарт жасалды. Бірінші кезекте әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары 100 пайыз компьютермен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, білім беруде ерекше қажеттілігі бар балаларға да міндетті түрде компьютер береміз", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, 20 тамыздан бастап елордалық оқушыларға компьютер, ал 25 тамыздан бастап роутерлер таратылып жатыр.

"Бүгінгі таңда 9 мыңнан аса компьютер, 13 300 роутер таратылды. Бұл жұмыс жалғасады", - дейді Шолпан Қадырова.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram